Әскери геральдика

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Нышанының Сипаттамасы

Символ Вооруженных СилҚазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Нышаны - шеттерi алтын түстi нұсқамен жиектелген бес бұрышты жұлдыз.

Жұлдыздың ортасында шұғылалы күн және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген.

Күн, шұғыла және қыран түстi - алтын түстес.

 

 

 

Әскери бөлiмнiң Жауынгерлiк Туының Сипаттамасы

Боевое знамя воинской части

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери бөлiмiнiң Жауынгерлiк Туы екi жақты матадан, ағаш саптан және шашақтары бар баудан тұрады.

Жалаудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша - 145 см, енi бойынша - 115 см, көгiлдiр түстi жiбек файдан екi бүктелiп жасалынады және үш жағының шеттерi алтын түстi жiбек шашақтармен жиектеледi.

Матаның оң жақ бетiнiң ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының нұсқасы алтын түстi жiбек жiппен жапсыра тiгiлген, бейненiң көлемi биiктiгi бойынша 50 см.

Матаның жоғарғы жақ шетiнде "Қазақстан Республикасы", ал төменгi жағында - "Отан үшiн" деген жазулар алтын түстi жiбек жiппен кестеленген, жазу әрiптерiнiң биiктiгi - 7,5 см.

Матаның сыртқы жағының ортасында - аппликация: ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы бейнелген, күрең қызыл түстi жiбектен тiгiлген бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың қарама-қарсы ұштары аралығының өлшемi - 56 см, жұлдыздың үстiнде алтын түстi жiбек жiппен: "Мiндет, аброй, ерлiк" деген ұран, ал жұлдыздың астыңғы жағында әскери бөлiмнiң нөмiрi мен атауы кестеленiп тiгiлген. Цифрлардың көлемi биiктiгi бойынша - 10 см, жазу әрiптерiнiң көлемi - 7,5 см. Әскери бөлiм атауындағы сөздердiң санына қарай, цифрлардың көлемi 6 см. дейiн, ал әрiптердiң көлемi - 4,5 см дейiн кiшiрейтiлуi мүмкiн. Мұндай жағдайда жұлдыздың бейнесi Жауынгерлiк Ту матасының ортасынан 12 см дейiнгi аралыққа жоғары көтерiлуi мүмкiн.

Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған диаметрi 4 см тесiк бар.

Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалған, диаметрi 4 см, ұзындығы 2,5 м. Сап қара қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металлдан жасалған шығыршығы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар.

Тудың алтын түстi жiбек жiппен ширатылып жасалған бауы, шет-шетiнде екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.

Әскер түрлерінің тулары

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Құрлықтағы әскерлерi туының Сипаттамасы

Флаг Сухопутных войскҚұрлықтағы әскерлерiнiң туы матадан, ағаш саптан және баудан тұрады.

Тудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша 2 м, енi бойынша 1 м, көгiлдер түстi жiбек файдан дайындалады. Матаның оң жағы мен сыртқы жағының ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы алтын түстес жiбек жiппен жапсыра тiгiлген. Күн дөңгелегiнiң ортасы матаның жоғарғы шетiнен 45 см аралықта орналасқан. Бейненiң көлемi: биiктiгi бойынша - 65 см, енi бойынша - 75 см, Матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз бейнесi, жұлдыздың қарама-қарасы ұштары аралығының көлемi 30 см, жұлдыздың ортасы матаның сол (оң) жақ жиегiнен 32 см және жоғарғы жиегiнен 28 см аралықта орналасқан.

Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған диаметрi 4 см тесiк бар.

Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалынған, диаметрi - 4 см. Сап қара-қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металдан жасалған шығыршағы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар.

Тудың алтын түстi жiбек жiптен ширатылып жасалынған бауы, шет-шетiнен екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери-Теңiз Күштерi туының Сипаттамасы

Флаг Военно-Морских Сил Әскери-Теңiз Күштерiнiң туы матадан, ағаш саптан және баудан тұрады.

Тудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша 2 м, енi бойынша 1 м, жiбек файдан дайындалады. Матаның түсi көлденеңiнен симметриялы ақшыл-көк түстi, оң жағы мен сыртқы жағының ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы бейнеленген, бейненiң көлемi биiктiгi бойынша -65 см, енi бойынша - 75 см.

Күн, шұғыла және қалықтап ұшқан қыранның бейнесi - алтын түстес.

Матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында зәкiр мен бес бұрышты жұлдыз бейнесi. Бейненiң көлемi енi бойынша 25 см, биiктiгi бойынша 35 см, бейненiң ортасы матаның сол (оң) жақ жиегiнен 32 см және жоғарғы жиегiнен 24 см аралықта орналасқан.

Зәкiрдiң бейнесi ақшыл-көгiлдiр түстi, ал жұлдыздың бейнесi қызыл түстi.

Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған тесiк бар, оның диаметрi - 4 см, немесе бау өткiзуге арналған тесiк оның диаметрi - 1 см.

Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалынған, диаметрi - 4 см. Сап қара-қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металдан жасалған шығыршығы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар.

Тудың алтын түстi жiбек жiптен ширатылып жасалынған бауы, шет-шетiнде екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери-Әуе Күштерi туының Сипаттамасы

Флаг Военно-Воздушных СилӘскери-Әуе Күштерiнiң туы матадан, ағаш саптан және баудан тұрады.

Тудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша 2 м, енi бойынша 1 м, көгiлдiр түстi жiбек файдан дайындалады. Матаның жоғарғы бөлiгiнде көлденеңiнен симметриялы ақ түстi сәулелер бейнеленген. Матаның оң жағы мен сыртқы жағының ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы алтын түстi жiбек жiппен жапсыра тiгiлген. Бейненiң көлемi: биiктiгi бойынша - 65 см, енi бойынша - 75 см.

Матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында қызыл түстi бес бұрышты жұлдыздың бейнесi, жұлдыздың қарама-қарсы ұштары аралығының көлемi - 30 см, жұлдыздың ортасы матаның сол (оң) жақ жиегiнен 32 см және жоғарғы жиегiнен 18 см аралықта орналасқан.

Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған диаметрi 4 см тесiк бар.

Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалынған, диаметрi- 4 см. Сап қара-қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металлдан жасалған шығыршығы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар.

Тудың алтын түстi жiбек жiптен ширатылып жасалынған бауы, шет-шетiнде екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы әскерлерi туының Сипаттамасы

Флаг войск Противовоздушной обороны Әуе қорғанысы әскерлерiнiң туы матадан, ағаш саптан және баудан тұрады.

Тудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша 2 м, енi бойынша 1 м, көгiлдiр түстi жiбек файдан дайындалады. Матаның оң жағы мен сыртқы жағының ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы алтын түстi жiбек жiппен жапсыра тiгiлген. Күн дөңгелегiнiң ортасы матаның жоғарғы шетiнен 45 см аралықта орналасқан. бейненiң көлемi: биiктiгi бойынша -65 см, енi бойынша - 75 см.

Матаның жоғарғы бөлiгiнде, матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында ортасында қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз және одан шашыраған ақ түстi сәулелер бейнеленген тiк бұрыш. Тiк бұрыштың көлемi биiктiгi бойынша 32 см, енi бойынша 65 см, жұлдыздың қарама-қарсы ұштары аралығының көлемi - 30 см.

Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған диаметрi 4 см тесiк бар.

Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалынған, диаметрi- 4 см. Сап қара-қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металдан жасалған шығыршығы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар.

Тудың алтын түстi жiбек жiптен ширатылып жасалынған бауы, шет-шетiнде екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.

Жеңіс таспасы

Жеңіс таспасы

«Жеңіс таспасы» ұзындығы 30 см, ені 3 см аспан-көк түсті және ортасында алтын түсті ұлттық орнамент элементтері қолданылған жолағы бар таспадан тұрады. Таспаның екі шетінде біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысында көрсеткен батырлығы мен ерлігін бейнелейтін Ұлы Отан соғысы Орденінің (дәрежесі көрсетілмеген) бейнесі қойылған.

Таспа георгиевский таспасы бейнеленген және «9 Мамыр – Жеңіс күні. 1941-1945 жылдар» деген жазуы бар белгімен бекітіледі (үлгісі қоса беріледі).

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Бизнес аумағы»
«Қазконтент» АҚ
Астана Экономикалық Форумы
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Ұлттық Географиялық қоғамының ресми сайты
Қазақстанның мобилдік үкіметі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты