Ережесі

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметтегі отбасылары арасында әскери әулетті анықтауға арналған «Әскери әулет» – «Военная династия» республикалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

  1. «Әскери әулет» (бұдан әрі - Байқау) республикалық байқауы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметтегі әскери әулеттері арасында өткізіледі және Қазақстандағы Отбасы күні мерекесіне арналады.
  2. Әскери әулет – Кеңес Одағы және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарында қызмет еткен немесе Ұлы Отан соғысына қатысқан, жалпылама санағанда әскери еңбек өтілі 30 жылдан кем емес және 3 адамнан кем емес бір отбасының мүшелері және олардың жақын туыстары. Олардың барлығы әскери қызмет мәртебесін насихаттауда, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде белсенді болуы тиіс. Әскери қызмет жолын барлығынан бұрын бастағандықтан әулеттің отағасы әскери әулеттің өкілі ретінде есептелінеді.
  3. Байқау әскери қызметті дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып, әскери қызметтегі отбасыларды жан-жақты қолдауға, олардың қызығушылықтары мен талпыныстарын зерттеуге, офицерлер отбасындағы отбасылық-тұрмыстық өмір салтының жағымды тәжірибелерін дәріптеуге, ұлттық отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттауға бағытталған.

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  1. «Әскери әулет» байқауының негізгі мақсаттары:

- ҚР Қарулы күштері әскери қызметкерлерінің отбасылық құндылықтарын көрсету;

- өскелең ұрпақты патриоттық және рухани тәрбиелеудің негізі саналатын әскери қызметтегі әскери әулеттің тарихи, әскери-патриоттық, мәдени-рухани әлеуетін паш ету;

- әулеттің үздік жауынгерлік, әскери, патриоттық және рухани дәстүрлерді жалғастыруын қолдау; жастарды Отанға қызмет етуге әркез дайын болуға шақыру және отансүйгіштікті қалыптастыру;

- Қазақстан Республикасы азаматтарының патриоттық сезімін арттыру, Отансүйгіштікке баулу, конститутциялық міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастыру;

- әскери құрылымдардағы үздік әскери дәстүрлерді сақтау және көбейту;

- әскери әулет өкілдерінің жасампаздық белсенділгін қолдау.

  1. Байқаудан күтілетін нәтиже:

- Қазақстандағы әскери қызметті дәріптеу;

- әскери мамандықтың мәртебесін арттыру;

- әскери әулетті көпшіліктің мойындауы, қолдауы және ынталандыру;

- қоғамда отбасылық құндылықтарды дамуты және нығайту, әскери қызметкерлердің үздік мәдени және отбасылық дәстүрлерін паш ету.

БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ МЕН ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

  1. «Әскери әулет» байқауын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұйымдастырады.
  2. Байқауға Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметіндегі әскери әулеттер қатысады.

БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМІ

Байқау үш кезеңнен тұрады және мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі.

  1. Бірінші кезең – өтінімдерді қабылдау – 2015 жылдың 25 тамызында аяқталады. Өтінімдерді қабылдау барысында Байқауға әлеуетті қатысушылардың өтінімдері жиналады және пул қалыптастырылады. Қатысушылар өз әулеті туралы ақпаратты №1 Қосымшада көрсетілген сауалнамаға сәйкес толтырып, келесі электронды мекен-жайға жіберуі тиіс: dinastiya-2015@mail.ru.
  2. Екінші кезеңге өтінім-сауалнамалары қабылданған қатысушылар ғана жіберіледі.
  3. Әр қатысушы көрсетілген мекен-жайға өтінім-сауалнамамен қоса әскери әулеттің барлық мүшелері туралы мәлімет пен фотосуреттен(5-тен фотосуреттен кем емес) құралған электронды таныстырылым (портфолио) жіберуі тиіс, сонымен бірге келесі құжаттардың көшірмесін беруі керек: әулет мүшелерінің әскери және жауынгерлік марапаттары(қол жеткізген көрсеткіштері, марапаттары, әскери және құрметті атақтары); әулет мүшелерінің еліміздегі, қаласындағы, аудынандағы жетістіктері(шығарған кітаптары, ғылымға қосқан еңбектері, жалпы тұлғасының ерекшеліктерін білдіретін өзіне тән жетістіктері); Байқау өтінімін безендіруде еркіндікке жол беріледі. Яғни байқау қатысушылары өз әулетін ерекше таныстыруы мақсатында шежіре, отбасылық альбом сынды түрлі тәсілдерді(сәндік –қолданбалы өнер, суреттер, техникалық шешімдер және т.б.) пайдалана алады.    
  4. Ұйымдастырушылар үздік сануалнаманы келесі талаптарға сүйене отырып таңдайды: отбасы мүшелерінің жетістіктерінің маңыздылығы; отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлер; отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары; әулет мүшелерінің жетістіктері; әулет мүшелерінің жалпы еңбек өтілі; мақтау-марапттарының болуы.
  5. Сауалнамада көрсетілген қатысушы туралы ақпарат шындыққа жанасуы тиіс. Егер олай болмаған жағдайда, күмәнді ақпарат үшін ұйымдастырушы жауапкершілікке алынбайды. Байқау жұмыстары Байқаудың техникалық талаптарына сай болуы тиіс. Ұйымдастырушы байқау өтінімдері мен фотосуреттерін іріктеуден өткізеді және Байқауға қатысуға қатысушыларды жіберу туралы шешім шығарады.
  6. Үшінші кезең – қорытынды. Жіберілген материалдар негізінде республикалық қазылар құрамы үздік әскери әулетті таңдайды.
  7. Әскери әулеттер ұсынған байқау материалдарын бағалау үшін қазылар құрамы жасақталып, оның құрамына - әскери комиссариат, қоғамдық ұйым, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, тұрақты офицерлер кіреді.
  8. Байқау комиссиясы байқау талаптарына өзгеріс енгізуге құқылы (аталым құрамы, жеңімпаздары саны, байқауды өткізу мерзімі).
  9. «Үздік әскери әулет» иегерін анықтауда қазылар алқасы ашық дауыс береді және дауыс саны басым түскен әулет жеңімпаз деп танылады.
  10. Қазылар алқасы сонымен қатар екінші және үшін орын иелерін де анықтайды.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

  1. Байқау жеңімпаздары Дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
  2. Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстандағы Отбасы күні мерекесіне орай ұйымласырылады. Өтетін күні, жері және уақыты туралы қосымша хабарланады.
  3. Байқауды өткізу тәртіптері туралы қосымша ақпаратты ұйымдастыру комитетінің телефонына хабарласу арқылы білуге болады: 8 (7172) 277 831.    

№1Қосымша

«ӘСКЕРИ ӘУЛЕТ» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӨТІНІМ-САУАЛНАМАЛАРЫ

1.

Қатысушының аты-жөні

 

2.

Байланыс мәліметтері: тұрғылықты мекен-жайы (облыс, аудан, қала)

 

3.

Қатысушының телефон нөмірі (ұялы, үй), е-mail

 

4.

Қатысушының жұмыс орны

 

5.

Лауазымы, мамандығы бойынша еңбек өтілі

 

6.

Байқау ережесімен таныстым және келістім. Берілген мәліметтердің толықтығына және растығына кепіл беремін. Күмәнді ақпар берген қатысушылар Байқауға қатысуға жіберілмейтінінен немесе оны өткізу кезінде қатысудан алынып тасталуы мүмкін екендігінен хабардармын.

Қатысушының толтырған күні және қолы

ӘСКЕРИ ӘУЛЕТТІҢ ОТАҒАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

1.

Аты-жөні (әулет отағасы)

 

2.

Туған күні, айы, жылы

 

3.

Туыстық қатынасы (кім болады)

 

4.

Білімі

 

5.

Қызмет тәжірибесі немесе жауынгерлік әрекеттерге қатысуы

 

6.

Қызмет жолы мен атқарған лауазымдары туралы ақпарат

 

7.

Құрметті атақтары, марапаттары

 

8.

Жеке, отбасылық жетістіктері (еңбек, спорттық,шығармашылық, ғылыми, интеллектуалдық)

 

9.

Еңбек жолында, өмір тәжірибесінде болған қызықты оқиғасы, ерлік істері

 

ӘСКЕРИ ӘУЛЕТ ӨКІЛДЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

(байқауға қатысатын әулеттің әр мүшесі толтыруы тиіс)

1.

Әулет мүшесінің аты-жөні

 

2.

Туған күні, айы, жылы

 

3.

Туыстық қатынасы

 

4.

Білімі

 

5.

Атқарған қызметтері мен уақыты

(ҰОС, жауынгерлік әрекеттерге, жергілікті ұрыстарға қатысушы, әскери қызмет ардагері, әскери бөлім нөмірі)

 

6.

Еңбек өтілі

 

7.

Құрметті атақтары, марапаттары

 

8.

Жеке, отбасылық жетістіктері (еңбек, спорттық,шығармашылық, ғылыми, интеллектуалдық)

 

9.

Еңбек жолында, өмір тәжірибесінде болған қызықты оқиғасы, ерлік істері

 

* Барлық жолдарды толтыру міндеттеледі

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама