Мәңгі есімізде

БАҚ журналистері арасындағы 1941-1945 ж.ж. ҰОС Жеңістің 70-жылдығына арналған «Мәңгі есімізде» шығармашылық байқауының ережесі

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70-жылдығына арналған журналистер арасындағы шығармашылық байқау (бұдан әрі - байқау) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мұрындық болуымен өткізіледі.

1.2. Байқау Қазақстан журналистер күні қарсаңында «Мәңгі есімізде» деген атаумен мемлекеттік және орыс тілдерінде ұйымдастырылады.

1.3. Байқау ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға бірдей жағдай жасалуын, байқауды өткізуде тұтас жариялылықтың болуын қамтамасыз етеді.  

1.4. Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы үздік журналистік материалды анықтайтын байқау Қазақстан Республикасында шығатын республикалық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдары, сонымен бірге электронды бұқаралық ақпарат құралдары арасында жекелеген аталымдар бойынша өткізіледі.

1.5.Байқауға қатысуға жіберіледі: Ұлы Отан соғысының тарихы, майдангерлердің соғыстан кейінгі тағдыры, тыл еңбеккерлері, ҰОС ардагерлерінің қоғамдық ұйымдары, майдан даласында қаза тапқандарды іздестіру туралы материалдарды жариялаған газет, радио мен телеарна, ақпараттық агенттік тілшілері, сонымен бірге штаттан тыс авторлар.  

2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

2.1. Байқау жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және журналистерді әлеуметтік маңызды тақырыптарды талқылауға тарту мақсатында өткізіледі.

2.2. Байқаудың басты міндеттері - 1941-1945ж.ж. ҰОС тарихы, ҰОС Жеңіс әперген қазақ солдаттарының, офицерлер мен тыл еңбеккерлерінің қаһарман ерліктерін дәріптеу, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді сіңіру, ҰОС тақырыбын қаузайтын журналистердің кәсіби деңгейін арттыру, аталмыш тақырыпты насихаттауға талантты жаңа авторларды тарту.    

2.3. Ұлы Отан соғысындағы жылдар мен майданнан кейінгі кезеңдегі отандастарымыздың өмірі мен тағдырын баяндайтын, түрлі оқиғалар мен фактілерді келтіретін тарихи және мұрағат материалдарын кәсіби әрі жүйелі пайдаланған журналистерді ынталандыру.

3. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

3.1. Байқауға 2015 жылдың 1 қаңтары мен 20 мамыр аралығында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электронды БАҚ сайттарына орналастырылған, радио мен телеарна эфиріне шыққан сұхбат, репортаж, пікір, очерктер, мақалалар мен басқа да материалдар қабылданады. 

3.2. Өтінімдер 2015 жылдың 20 мамырына(қоса есептегенде) дейін қабылданады.

3.3. Авторлар мен компаниялардың байқауға жіберген соңғы өнімді әзірлеу мен таратуға кеткен шығындары өтелмейді. 

3.4. Байқау талаптарына сай емес жұмыстар мүлде қарастырылмайды.

4. БАЙҚАУҒА ЖҰМЫСТАРДЫ БЕРУ ТӘРТІБІ

4.1. Әр байқау жұмысына автордың аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы мен байланыс мәліметтері(электронды мекен-жайы мен телефон нөмірі) көрсетілген, БАҚ жетекшісінің қолымен расталған жеке өтінім (№1 қосымшаға сәйкес) рәсімделуі тиіс.     

4.2. Аудио және бейнематериалдарға эфирлік анықтама қоса берілуі тиіс.

4.3. Байқауға өтінім хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап қабылданады.

4.4. Телевизиялық жұмыстар DVD-дискте, радио мен фото өнімдер – CD-дискте, баспасөз материалы түпнұсқада жіберіліп, мәтіннің электронды көшірмесі PDF форматында берілуі керек.   

4.5. Бейнематериалдардың ажыратымдылығы 1280х720рix кем емес DVD форматында, 

ұзақтығы –  30 секундтан кем емес (бейнеролик үшін)  және 30 минуттан көп емес (дееркті фильм мен телебағдарлама үшін) болуы тиіс.

4.6. Аудиоматериалдар mp3 форматында, ұзақтығы 20 минуттан аспауы тиіс.

4.7. Мәтіндік материалдар Word форматында Байқаудың ұйымдастыру комитетінің электронды мекен-жайына қабылданады.  

4.8. Фотоматериалдар ажыратымдылығы 900х800 pix. кем емес jpg форматында (бес фотодан кем емес)  қабылданады.

4.9. Бір автордан бір ғана жұмыс тіркеледі.

4.10. Байқау құжаттарын келесі мекен-жайға конвертпен жіберуге болады:

 Астана қ, Иманбаева к-сі 5в, «Шаңырақ-2» бизнес орталығы, 5 қабат, 10 кеңсе («New Media Marketing»ЖШС), е-mail: zharshy2015@mail.ru.

5. БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ

5.1. Жеңімпаздарды анықтау құрамына мемлекеттік билік органдары, білім, мәдениет, қоғамдық ұйым өкілдері, жазушылар, журналистер мен тарихшылар кіретін Байқау комиссиясының шешімі негізінде жүзеге асырылады.

5.2. Жеңімпаздар келесі аталымдар бойынша анықталады:

- «Баспасөз басылымындағы үздік мақала»;

- «Ғаламтор басылымындағы үздік жарияланым»;

- «Үздік телесюжет/телебағдарлама»;

- «Үздік радиосюжет/радиобағдарлама»;

- «Үздік фоторепортаж/фотоочерк».

Әр аталым бойынша тек бір жеңімпаз анықталады.  

5.3. Байқау жұмыстарын бағалау кезінде есепке алынады: материалдың байқаудың мақсат-міндеттеріне сай болуы; байқауға жіберілген материалдардың кәсіби деңгейі, тақырыптардағы тарихи деректілік; автордың адам тағдырының, жекелеген оқиғаның тарихи маңыздылығын көрсете білуі; мұрағат және тарихи деректерді, Ұлы Отан соғысы куәгерлері мен тыл ардагерлерінің естеліктерін  ұтымды пайдалана білуі; материалды жеткізудегі өзіндік тәсіл мен жатықтық; аудио және бейнематериалдардағы режиссерлік және операторлық жұмыстардың деңгейі.

5.4. Байқауға жіберілген материалдарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды. Ұйымдастырушы жіберілген жұмыстарды Байқаудың мақсаты мен талаптарына сәйкес өз шешімімен пайдалануға құқылы. Байқау ұйымдастырушысы қатысушылардың үшінші тұлғаның авторлық құқығын бұзғаны үшін жауап бермейді.

5.5. Байқаудың қазылар алқасының шешіміне шағым беру қарастырылмайды.

6. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

6.1. Байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанатты ауанда өткізіледі.

6.2. Байқау жеңімпаздары мақтау қағазымен және сыйлықтармен марапатталады. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне арналған шараның өтетін уақыты мен орны қосымша хабарландырылады.

7. БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ

7.1. Байқауды өткізу талаптары туралы қосымша ақпаратты ұйымдастыру комитетінен біле аласыздар. Тел: 8 (7172) 277 831 

Қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама