• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Құрылымы

Әуе шабуылынан қорғаныс әскері

ҚР ҚК ӘҚК бар құрылымы оқу-әскери дайындығы және ҰҚШҰ мен ШЫҰ елдерімен бірлескен оқу жаттығулары барысында өзінің қабілеттілігі мен тиімділігін іс жүзінде дәлелдеді.

ӘҚК Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлері төмендегідей жасақталған:

Әуе шабуылынан қорғаныс құрамалары мен бөлімдері күшті және заманауи зениттік-зымыран кешендерімен жасақталған:

  • заманауи ұшақтарды, стратегиялық қанатты зымырандарды, тактикалық және әуе шабуылының басқа да құралдарын жоюға қабілетті С-300 мобильді көп арналы зениттік зымырандық кешені;
  • жаудың кез келген әуе шабуылы құралдарын максималды қашықтықтан басқарылатын зениттік зымырандармен жоюға қабілетті С-200 алыстан ататын зениттік-зымыран жүйесі;
  • заманауи ұшақтар мен қанатты зымырандарды биіктік пен жылдамдықтардың қолданылатын барлық диапазондарда жоюға қабілетті С-125 МК және С-75 кешендері.
Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерінің құрамында:
  • радиотехникалық әскерлер;
  • зениттік зымырандық әскерлер.

Радиотехникалық әскерлер әуедегі қарсыласқа радиолокациялық барлау жасауға, оның шабуылдауды бастайтыны туралы ескерту ақпаратын, зениттік зымырандық әскерлер мен ӘҚК-нің Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын бақылайтын авиациясына жауынгерлік ақпарат беруге арналған. Олар жылдың кез келген мезігілі мен тәулік бойы, радиоэлектронды қарсылық жағдайында алыс қашықтықтағы және барлық биіктіктердегі әуеде бағытталған құралдарды табуға, олардың нақты координаттары мен мемлекетін анықтауға мүмкіндік беретін заманауи радиолокациялық станциялармен және кешендермен жабдықталған.

Радиотехникалық әскерлердің қазіргі кезеңдегі міндеттері:

  • қарсыластың әуе шабуылы құралдарын ұшу кезінде радиолокациялық барлау;
  • әскерлерді басқаруды радиолокациялық қамтамасыз ету;
  • зениттік-зымыран әскерлерінің, жойғыш авиацияның соғыс қимылдарын тіклей радиолокациялық қамсыздандыру;
  • әскерлерге, ТЖ МК нысандары мен органдарына әуе ахуалы туралы хабарлау;
  • ел территориясымен ұшу кезінде және мемлекеттік шекарадан ұшып өтуі кезінде өз авиациясының ұшуын бақылау;
  • ядролық жарылыстарды радиолокациялық барлау және радиациялық жағдайды қадағалау.

Радиотехникалық әскерлердің барлық міндеттерінің ішіндегі негізгісі – ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің соғыс қимылдарын радиолокациялық қамсыздандыру. Ол өзінде радилокациялық барлауды, әскерлерді басқаруды радилокациялық қамсыздандыруды және ЗЗӘ мен ЖА соғыс қимылдарын тікелей радиолокациялық қамсыздандыруды біріктіреді.

Радиотехникалық әскерлердің қазіргі қарулануының негізін түрлі кластардағы және мақсаттардағы радиолокациялық техника (радиолокациялық кешендер мен станциялар), басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ) мен байланыс құралдары құрайды.

Зениттік-зымыран әскерлері зениттік зымыран қорғанысы мен мемлекеттік және әскери басқарма нысандарын қорғауға арналған. Зениттік-зымыран әскерлерінің қарамағында С-300 бірегей зениттік зымырандық жүйелері, С-200 алыстан ататын зениттік-зымыран кешендері, С-75 орташа қашықтықтан ататын кешендер мен С-125 қысқа қашықтықтан ататын кешендері бар. Олардың қарсыластың әуе шабуылының заманауи құралдарын кез келген биіктік диапазондары мен жылдамдықтарында ұшу кезінде жоюға мүмкіндігі бар.

ҚР ҚК ӘҚК ӘШҚ зениттік зымырандық бөлімдерінің қарулануында 25 м-ден 40 км-ге дейінгі биіктіктер диапазонында, 7-ден 250 км-ге дейінгі қашықтықтағы әуе нысаналарын жоюға қабілетті С-75, С-200, С-300ПС зениттік зымырандық кешендері бар.

С-300ПС ЗЗК:

Мобильді зениттік зымырандық кешені болып табылады. Кешеннің негізгі элементтері МАЗ-543М автокөлігі шассиіне орнатылады. Кешеннің негізгі мақсаты – әкімшілік және өндірістік нысандарды, басқарудың стационарлық бекеттерін, штабтар мен әскери базаларды стратегиялық, тактикалық, майдан авиацияларынан және стратегиялық қанатты зымырандардан қорғау. Техникалық тапсырмаға сәйкес кешен тактикалық баллистикалық зымырандардан тосқауылдауға арналмаған болатын, алайда 1990 жылы өткізілген полигондық сынақтар кешеннің осы міндетті сәтті орындай алатынын анықтауға мүмкіндік берді.

С-200В ЗЗК:

Алыстан ату кешені, жаудың әуеде шабуылдау құралдарын зениттік басқарылатын зымырандармен жоюға арналған. С-200В ЗЗК атуының бірінші кезектегі міндеті – кедергі тудыратын қондырғыларды және «әуе-жер» класындағы авиациялық зымырандарын тасымалдаушыларды, сонымен бірге биіктегі, жылдам және кішкентай нысаналарды максималды қашықтықта жою.

Қазіргі уақытта

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы

полковник Серік Базарбекұлы Ысмаилов

1966 жылы 7 сәуірде Жамбыл облысы Таласс ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Красноярск жоғары командалық радиоэлектроника Әуе шабуылына қарсы қорғаныс училищесін, 1997 жылы Г.К. Жуков атындағы әскери академиясын, 2010 жылы Беларусь Республикасының Қарулы Күштері Бас штаб әскери академиясын бітірген, Екінші дәрежелі «Айбын» орденімен және  «Жауынгерлік ерлігі үшін», медалімен және басқада медальдармен марапатталған.

1992 мен 2016 жылдарда болған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Әуе қорғаныс күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшылары:

Армия генералы Мұхтар Капашұлы Алтынбаев (1992 мен 1993 жылдары)

1945 жылы 10 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1972 жылы Әуе қорғаныс әскери ұшқыштардың Армавир жоғары әскери училищесін, 1982 жылы Кеңес Одағының маршылы Г.К. Жуков атындағы Әуе қорғаныс әскери командалық академиясын бітірген, 1992 мен 1993 жылдары Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің корпус командиры, 1993 мен 1994 жылдары ҚР ҚК Әскери-Әуе күштерінің қолбасшысы, 1996 жылы қазан мен 1999 жылы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі, 2000 мен 2001 жылы ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы. Кәсіби деңгейі «Мерген-ұшқыш». «Халық Қаһарманы» жоғары дәрежелі атағымен марапатталған, Алтын жұлдыз белгісі мен Отан ордендері, медальдарымен марапатталған, «Барыс» орденінің иегері, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Құрметті азаматы.

Авиация генерал-майоры Анатолий Шияпұлы Васимов (1993 мен 1998 жылдары)

1953 жылы 10 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеевка ауданы Рясенко ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Ставрополь ұшқыштар мен штурмандар әуе шабуылына қарсы жоғары әскери авиация училищесін, 1998 жылы М. Зрини атындағы Венгрияның әскери академиясын бітірген. 1992 мен 1993 жылдары Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерінің авиация бастығы және ҚР Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерінің бірінші орынбасары. 1993 жылы Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы, 1998 мен 2000 жылдары ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы болды. Кәсіби деңгейі «Мерген-ұшқыш». Екінші дәрежелі «Даңқ» орденімен, үшінші дәрежелі «КСРО Отанға қызмет үшін» медалімен және одан да басқа медальдарімен марапатталған.

Генерал-лейтенант Оқас Базарғалиұлы Сапаров (1999 мен 2010 жылдары)

1959 жылы 19 шілдеде Батыс-Қазақстан облысы, Жанғала аданы Мәштексай ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Энгельс жоғары зенитті ракеталық командалық училищесін, 1992 жылы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери командалық академиясын бітірді. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғаныс күштері қолбасшысының Әуе шабуылына қарсы қорғаныс орынбасары – басқарма бастығы, 2003 мен 2004 жылдары Әуе қорғаныс күштері қолбасшысының Әуе шабуылына қарсы қорғаныс орынбасары, 2004 мен 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғаныс күштері бас қолбасшысының (Әуе шабуылына қарсы қорғаныс) орынбасары, 2008 мен 2010 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғаныс күштері бас қолбасшысының (Әуе шабуылына қарсы қорғаныс) орынбасары – Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бас басқармасының бастығы. «Даңқ» орденінің иегері және басқада медальдарымен марапатталған.

генерал-майор Нұржан Нұрланұлы Муқанов (2010 мен 2016 жылдары)

1968 жылғы 15 ақпанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Г.К.Жуков атындағы Днепропетровск Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жоғары зениттік-зымырандық командалық училищесін, 2010 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген. Қызметті Сарышаған қаласындағы 04019 әскери бөлімі С-200 зениттік зымырандық дивизиондары старттық взвод – старттық батарея командирі болып бастады. 1990 және 2008 жылдар аралығындағы кезеңде әскерлерде взвод командирінен әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет өткерді, 2010 мен 2011 жылдары Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының (Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері жөніндегі) орынбасары – ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бас басқармасының бастығы болды. 2011 мен 2016 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы. Қазақстан Республикасының медальдарымен марапатталған. 

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві