• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Үздік әскери қызметкерлер

Жыл сайын бөлімнің жеке құрамы Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә. Назарбаев қатысатын коалициялық, қолбасшылық-штабтық және басқа да оқу жаттығуларына қатысады. Олардың ішінде «Отан қалқаны», «Бейбітшілік теңізі», «Батыс», «Сарыарқа», «Іле», «Шекара», «Өзара әрекет», «Жауынгерлік ынтымақтастық», «Ашық аспан» және басқалары бар.

Орталық Азия аймағында әскери-саяси ахуал шиеленіскен кезде халықаралық лаңкестер әрекетінің белсенуіне байланысты әскери бөлім әскери қызметкерлері еліміздің әуе шекараларын қорғау бойынша екі ай бойы жауынгерлік кезекшілік атқарды. Сонымен қатар ең жауапты бағыттардың бірі – Отанымыздың елордасы Астана қаласы қорғалды.

Қазіргі кезде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен мемлекеттік марапаттарға ие болған офицерлер қызмет бөлімде атқарады. Олар – әскери борышын үлгілі орындағаны үшін 2-дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған полковник Клёвс О.Я., қойылған міндеттерді ойдағыдай орындағаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған подполковник Касатов Ю.Н., күрделі ұшу тапсырмасын орындау кезінде сауатты әрекеттері үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған подполковник Избасов А.Г.

Қолбасшылық кәсіби дайындық, жауынгерлік әзірлік деңгейлерін көтеру және оқу-материалдық базасыз жетілдіру мәселелеріне үлкен назар аударады. Қатарға жаңа тренажер енгізілді. Тәжірибелі ұшқыш-нұсқаушылар, бөлім командирінің орынбасары-штаб бастығы полковник В.Г. Переверзев пен бөлім командирінің ұшу дайындығы бойынша орынбасары подполковник Ю.Н. Касатов ұйымдастырған жас ұшқыштар құрамын шығару барғдарламасы өткізіліп жатыр.

Бүгінгі күні Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы жауынгерлік еңбегімен қазақ батырларының, полктес-майдандастарының, аталары мен әкелерінің тамаша дәстүрлерін көбейтіп жүр және қойылған міндеттерді жасампаз тәсілдермен шеше отырып және әскери қызметкерлердің бар интеллектуалдық потенциалын қолдана отырып сапалы орындауға барлық қорлары мен мүмкіндіктері бар.

Осы жұмыста әскери қызметкерлердің жауынгерлік борыштарына адалдығын тәрбиелеу, олардың санасында оптимизм мен өз күшін сенімін бекіту, әскери ұжымдарда дұрыс моральдық-психологиялық ахуалды сақтау, жеке құрамға мәдени-көркемдік қызмет көрсету, олардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру сұрақтарына басты назар аударылады.

Тәжірибелі ұшқыш-нұсқаушылар подполковник Избасов А.Г., подполковник Виссарионов Е.Н., подполковник Симоненко А.Н., майор Макипов Т.С., майор Асанов А.Н., майор Астахов К.С., майор Каринов Р.Х., майор Хижняк О.Н., майор Берекебаев К.М., майор Павлов С.С., майор Жумабаев Т.Б., майор Сейдахметов Е.Б., капитан Джуманов Б.Н., капитан Куликов М.А., капитан Хохряков В.С., аға лейтенант Толеубаев Б.Ж. 2011 жылдан бастап нұсқау ұшуларын бастады.

Түнгі ұшулардың алғашқы күндері үзілістен кейін ұшқыштар полковник Переверзев В.Г., подполковник Касатов Ю.Н. өз беттерімен ұшты. Түнгі ұшуларға майор Макипов Т.С., майор Купжасаров С.А., майор Каринов Р.Х., майор Асанов А.Н., майор Астахов К.А. кірісті. Қазіргі кезде бөлімнің барлық ұшқыштары дерлік түнде ұша алады.

2010 жылдан бері бөлімнің жеке құрамы ұшқыштардың ұшу жетістіктерін көрсету үшін Қару-жарақтар мен әскери-техникалық мүліктің «KADEX» халықаралық көрмесіне, Қазақстан Республикасы Конституция күніне, Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған шерулерге, жаяу шерулерге қатысады.

Әскери дайындықтың жетістіктері мен жоспарының орындалуын ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиацияның генерал-майоры Н.С. Орманбетов, ӘӘК қолбасшысы полковник Д.Ж. Косанов атап айтты, олар ұшу әрекеттеріне өздері де қатысып, әскери дайындықтың негізгі түрі ретіндегі оқу авиациялық орталығының ұшу дайындығына үлкен назар аударады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН