• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

ҚР Қарулы күштері

Әуе қорғанысы күштері

Әуе қорғанысы күштерінің негізгі тапсырмалары:

  • Қазақстан Республикасының әуе шебін қорғауды қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік, әкімшілік және әскери объектілерді әуе шабуылынан қорғау;
  • ҚР ҚК басқа да түрлері мен тектерін авиациялық қолдау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы» 1997 жылғы 17 қарашадағы № 3761 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1998 жылғы 1 сәуірдегі директивасын орындау үшін, Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін нығайту мақсатымен      1998 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері құрылды.

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 146 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күні – 18 тамыз болып белгіленді.

Әуе қорғанысы күштерінің құрамына
  • әскери әуе күштері;
  • әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері;
  • әуе қозғалысын басқару органдары;
Әскери әуе күштері

Авиация – әуедегі қарсыластың соққыларынан маңызды бағыттарды, аудандарды және объектілерді қалқалауға арналған Әуе қорғанысы күштерінің негізгі маневрлік әскер түрі.

Қалқалайтын объектілерден барынша көп қашықтықтағы кез-келген дерлік әуе нысаналарын жоюға қабілетті. Оны қару-жарағында күшті зымыранмен және пушкамен қаруланған жылдамдығы дыбыстан да жоғары истребительдер: МиГ – 31 истребителі, МиГ – 29 майдан истребителі, МиГ – 27 и Су – 27 бомбалаушы истребительдері бар.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері

Зениттік зымырандық әскерлер (ЗЗӘ) зениттік зымырандық қорғанысты жүзеге асыруға және мемлекеттік және әскери басқару объектілерін қалқалауға арналған. ЗЗӘ қару-жарағында мынадай бірегей зениттік зымырандық жүйелер (ЗЗЖ) бар: С-300, шалғайда қолданылатын С-200ЗРК, орта қашықтықтағы С-75 и кіші қашықтықтағы С-125 кешендері. Олар қарсыластың әуе шабуылының заманауи құралдарын олардың ұшқан биіктіктері мен жылдамдықтарының барлық диапазондарында жоюға қауқарлы.

Радиотехникалық әскерлер (РТӘ)

Әуедегі қарсыласқа радиолокациялық барлау жасауға, оның шабуылды бастағаны туралы ескерту ақпаратын беруге, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін сақтауды бақылауы үшін ӘҚК зениттік зымырандық әскерлері мен авиациясына жауынгерлік ақпарат беруге арналған. Олар жыл мен тәуліктің кез-келген уақытында, радиожлектрондық қарсы әрекет жағдайында өте алыстағы және барлық биіктіктегі әуеде бағытталған құралдарды табуға, олардың дәл координаталарын, қай мемлекетке тиесілігін айқындауға мүмкіндік беретін заманауи радиолокациялық станциялармен және кешендермен жарақталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві