Қазақстанның аумағында «Мызғымас бауырластық-2017» бірлескен оқу-жаттығуы жалғасуда
«Іле» полигонында ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің бітімгершілік бөлімшелері «Мызғымас бауырластық-2017» оқу-жаттығуы шеңберінде оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау бойынша бірлескен іс-қимылдарға дайындық жүргізді.
Бірлескен оқу-жаттығу барысында бір тәулік бойы көпұлттық негізде құралған ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің Біріккен қолбасшылығының үйлесуі жөнінде іс-шаралар өткізілді. Өкім алғаннан кейін Біріккен қолбасшылық бейбітшілікті ұстап тұру жөнінде операцияны ұйымдастыру бойынша іс-шараларға кірісті.
Оқу-жаттығудың аталмыш кезеңінде ҰҚШҰ-ның құрамына кірмейтін шартты мемлекетте ҰҚШҰ-ның Ұжымдық бітімгершілік күштерін қолдануға шешім қабылданды. Қазіргі уақытта бірлескен операцияны жүргізуге жоспарлаушы құжаттарды әзірлеу жөнінде жұмыс жалғасуда.
Оқу-жаттығуға барлығы 1500 әскери қызметші қатысуда. 200-ге жуық бірлік қару-жарақ, әскери және арнайы техника, (ұшқышсыз құралдарды негізге ала отырып) 25-тен аса ұшу аппараты тартылады.
Алдағы іс-қимылдарға дайындалу мақсатында Қызыл Крест халықаралық комитетінің өкілдері бейбітшілікті ұстап тұру жөніндегі операцияларды өткізу кезінде халықаралық ізгілік құқықты қолдану бойынша сабақтар өткізеді.
«Мызғымас бауырластық-2017» Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының бітімгершілік күштерімен постжанжалдық реттеу бойынша оқу-жаттығу «Жауынгерлік бауырластық-2017» оқу-жаттығуының үшінші кезеңі болып табылатынын естеріңізге сала кетейік.
Басқаларын қарау: ТМД Қорғаныс министрлер кеңесі
-
30.05.2018
-
03.11.2017
-
21.10.2017
-
18.10.2017