• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

28 сәуір, 2015

Ақтөбелік және алматылық ардагерлерге Жеңістің 70 жылдығына арналған медалдар табыс етілді

Жеңіс күні қарсаңында ақтөбелік соғыс және тыл ардагерлері Сара Шүнішбаеваға, Нина Шумейкоға, Неонила Шкиловаға және Вера Шкулипаға «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерейтойлық медалдары табыс етілді. Олардың барлығы жастығына қарамастан сұрапыл соғыс жылдары кеңестік армияны жабдықтауда аянбай еңбек етті.

Екі мәрте Кеңестер Одағының батыры Талғат Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы полковник Марат Ботин ҰОС ардагерлеріне естелік сыйлықтар табыс етіп, алғысын білдірді. Сондай-ақ, М. Ботин мерейтой жылы әскери оқу орнында курсанттарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланғанын атап өтті. Атап айтқанда, курсанттар жалпықалалық «Жеңіс күні жастардың көзімен» байқауын, «Вальс Победы» фестивалін ұйымдастырып, түрлі сахналанған көріністер әзірлейді.

Осы орайда Алматыда Ұлы Отан соғысына қатысқан 24 ардагер армияның орталық үйінде мерейтой медалдарымен салтанатты түрде наградталды. «Бүгін бізге табыс етілген наградалар жастардың соғыс ардагерлеріне көрсеткен құрметі, ықыласы екенін байқадық», - деп Ұлы Отан соғысының ардагері Фатима Якушева атап өтті.

Жеңістің 70 жылдығын мерекелу аясында мерейтойлық медалдарды тапсыру бойынша салтанатты рәсімдер Семей қаласында да өтті. Алдағы уақытта дәл осындай салтанатты шаралар еліміздің барлық аймақтарында өтетін болады.

2461
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама