• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

01 шілде, 2017

«Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді2017 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Президенті «Қорғаныс пен әскери қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен то

2017 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Президенті «Қорғаныс пен әскери қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңда Еңбек кодексіне Қазақстан Республикасының 19 заңынан өзгертулер енгізілуде. Аталған Заң әскери қызметке және арнайы мемлекеттік органдар қызметіне кіру, өткеру және босатылу кезінде, оның ішінде, ҚР мен шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдарында оқыта отырып, көзқарасты біріздендіру, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің құрамына аумақтық қорғаныс құралымдарын енгізе отырып, еліміздің қорғанысының ортақ жүйесіне аумақтық қорғанысты кіріктіру жөнінде тұжырымдамалық міндеттерді шешуге бағытталған. Жаңа Заңда Қарулы Күштердің, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мұқтаждығы үшін мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау тәртібі жетілдірілген, сондай-ақ қорғаныс, көлік, саудалық теңізде жүзу, әуе кеңістігін, жол қозғалысын пайдалану аясында заманауи қауіп-қатерлерді ескере отырып, Үкіметтің уәкілеттіліктері, Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың функциялары нақтыланған. Сондай-ақ қабылданған Заңда әскери қызметшілерге әскери қызмет өткеру ұзақтығы мен жағдайына қарай жыл сайынғы негізгі еңбек демалысының мерзімі ұлғайтылды. Бұл әскери қызметшілердің ғана емес, сонымен бірге, олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік хал-жағдайына оң әсер етеді. «Подполковник» шеніндегі әскери қызметшілерге әскери қызметте болудың шекті мерзімі қырық сегіз жасқа дейін ұзартылды. Бұл жекелеген әскери қызметшілерге әскери қызметте болудың шекті жасына дейін қызмет етуге мүмкіндік береді. Заңда қабылданған тың өзгерістер Қарулы Күштерді жасақтау, әскери қызмет өткеру үшін қажетті жағдай жасап, оның жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін арттыру бойынша талаптарды ескере отырып, әскердің әрі қарай дамуына жаңа серпін береді.

2690
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві