
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында казарманың салтанатты түрде ашылуы өтті
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері үшін заманауи талаптарға сай келетін су жаңа казарма өз есігін айқара ашты.

Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жасау жөніндегі қызмет өзінің жемісін беруде
«Батыс» өңірлік қолбасшылығында «Восход-ORIEL» компаниясының қолдауымен әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөніндегі қызмет мүмкіндігі шектеулі әскери қызметшілердің балаларына жәрдем беру бойынша ауқымды науқанды бастады.

ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз етудің жаңа тетігі мәселелері бойынша кеңес өткізілді
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаровтың жетекшілік етуімен бас басқармалардың, түрлердің, әскер тектерінің, әскери бөлімдердің заң қызметтерімен, өңірлік пайдалану бөлімдерінің өкілдерімен, Ақмола гарнизонының заңгерлерімен тұрғын үй қарым-қатынастары мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша сслекторлық кеңес өткізілді.

Астанада ҚР ҚК әскери қызметшілері отбасыларының мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөнінде қызмет басшыларының жиыны өтуде
2017 жылғы қарашаның 8-і мен 10-ы аралығында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың жетекшілік етуімен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыстың ұйымдастырылуы бойынша қызмет басшыларының жиыны өткізілуде.

25 қазақстандық әскери қызметшіге жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді
«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 36352 әскери бөлімінің 25офицер және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің отбасы тұрғын үйге ие болды. Қарағанды облысы Спасск қаласындағы жаңа пәтерлердің кілттерін «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Сұлтан Камалетдинов салтанатты түрде табыс етті.

ҚР Қарулы Күштерінің 2 000-нан аса әскери қызметшісіне шипажайлық ем көрсетілді
Қазақстанның әскери қызметшілеріне кепілдендірілген медициналық қызмет көрсетумен қатар шипажайларда ақысыз емделу қарастырылған.

Ақтөбелік және алматылық ардагерлерге Жеңістің 70 жылдығына арналған медалдар табыс етілді
Жеңіс күні қарсаңында ақтөбелік соғыс және тыл ардагерлері Сара Шүнішбаеваға, Нина Шумейкоға, Неонила Шкиловаға және Вера Шкулипаға «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерейтойлық медалдары табыс етілді. Олардың барлығы жастығына қарамастан сұрапыл соғыс жылдары кеңестік армияны жабдықтауда аянбай еңбек етті.

Семейде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңістің 70 жылдығы мерейтойлық медальдарымен наградталды
Жеңіс күні қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінде «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңісің 70 жылдығы» мерейтойына арналған медальдарды табыс етуге арналған салтанатты рәсім өтті.

Алматыда Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне мерейтойлық медалдар табыс етілді
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналған мерейтойлық медалдарды салтанатты тапсыру рәсімі өтті.