• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жадынама

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерді толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға аудару және әскери қызметшілердің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару тәртібі туралы жадынама

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасымен (бұдан әрі – Тұжырымдама) әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау, оларды толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға көшіру көзделген.

Осыған орай, Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін зейнетақы төлемдеріне құқық анықталған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

1. Әскери қызметшілердің толық мемлекеттік зейнетақыға құқығы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін есептеу тәртібі

1). Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына (бұдан әрі – Заң) сәйкес (2015 жылғы 2 тамыздағы № 342-V ҚР Заымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен):

1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және қызметтен босатылған кезде қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толған;

2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына немесе өз еркі бойынша немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған;

3) жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жылын және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрайтын және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толуынане штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

Сонымен қатар, үздіксіз әскери қызмет жеңілдікті есептеуді ескере отырып, есептеледі.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері әскери қызметтен босатылған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай үлес төленген күннен бұрын емес жүзеге асырылады.

1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш рет кірген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен босатылған, қызметтен босатылған күнге 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған заңнама нормаларына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалу шарттарына сәйкес адамдардың қызметтен босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдары және ақшалай қамтылымы ескеріле отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін өздеріне зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар. Аталған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш берген күннен бастап тағайындалады.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы әскери қызметшілердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа) пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарысомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда туындайды.

2). Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін есептеу тәртібі (Заңның 65-бабы)

1.Әскери қызметшiлерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері 25 еңбек сіңірген жылы немесе жалпы еңбек өтілі үшінақшалай қамтылымының елу пайызы есебінен белгіленеді.Әскери қызметте жиырма бес жылдан артық еңбек сiңiрген жылдарының әрбір толық жылы үшiн еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері - ақшалай қамтылымының екі пайызына, қызметтен босатылған күніне жинақталған еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшiн бір пайызына ұлғайтылады.

Әскери қызметшілердіңеңбек сіңірген жылдары үшін айлық зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері ақшалай қамтылымның 65 пайызынан және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 109 еселенген мөлшерінен аспайды.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджет қаражаты есебінен әскери қызметшілердің ақшалай үлесінен 20 пайызы мөлшерінде МЗЖ аудару нормасы және әскери қызметшілерге базалық зейнетақы төлемін (11 965 теңге) тағайындау алып тасталады.

2. Әскери қызметшілердің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару тәртібі

Бюджетке міндетті зейнетақы жарналарының сомасын қайтару тәртібі«Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), .... пайдасына
2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 974 қаулысымен белгіленген.

Салымшылардың БЗЖҚ ашылған жеке зейнетақы шоттарынан міндетті зейнетақы жарналарының сомасын аудару жолымен жүзеге асырылатын болады.

Уәкілетті мемлекеттік органдар 2016 жылғы 20 қаңтарға дейін өзінің ведомстволар, аумақтық бөлімшелер және бағыныстағы мекемелер арқылы қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) БЖЗҚ-да ашылған қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарына бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

Қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан
50 пайызын қайтару өтініштің негізінде жүзеге асырылады.

Өтініш хабарламаны алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттармен қоса беріледі:

аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы БЖЗҚ анықтамасы;

қызметкердің (әскери қызметшінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

2). Уәкілетті мемлекеттік органдар бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдегі әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет кезеңдері үшін әрбір қызметкерге (әскери қызметшіге) республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсете отырып өтініш берген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін жасайды.

Уәкілетті мемлекеттік органдар Орталыққа қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімдерін қағаз және электрондық түрде:

2016 жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде – толық емес көлемде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар бойынша;

2016 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде – 2016 жылғы 1 қаңтарда қызметте болған қызметкерлер (әскери қызметшілер) және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш рет кірген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен босатылған, қызметтен босатылған күнге 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға шарттары болған қызметкерлер (әскери қызметшілер) бойынша ұсынады.

БЖЗҚ және Орталық қайтаруды жүзеге асыру үшін Жоспар-кестені әзірлейді және қол қояды.

Жоспар-кестеде көзделген іс-шаралар жүзеге асырылғаннан кейін Орталық БЖЗҚ қайтарған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актісін құрастырады, БЗЖҚ – қайтармаған, тиісті себептерін көрсете отырып(қызметкердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоты жабылғанда, қызметкердің (әскери қызметшінің) жеке зейнетақы шотында қаражат болмағанда, егер қызметкердің (әскери қызметшінің) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы қайтару күніне Орталықтың электрондық хабарламаларына сәйкес қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан аз болса), міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актісін жасайды

3). Жоспар-кестеде көзделген іс-шаралар аяқталғаннан кейін БЖЗҚ тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы растау-анықтаманы электрондық форматта ұсынады.

Осы құжат қызметкер (әскери қызметші) үшін еңбек сіңірген жылдар үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы мәселені шешу кезінде құқық белгілеуші болып табылады.

Аталған іс-шараларды орындау үшін «Әскери қызметшілердің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған, республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасын айқындау жөніндегі комиссиялар құру туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 725 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) шықты.

Бұйрықтың және ҚР Қорғаныс министрі орынбасарының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 6/39/4204 жеделхатының талаптарына сәйкес бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдегі әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет кезеңдері үшін әрбір қызметкерге (әскери қызметшіге) республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсете отырып өтініш берген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін жасау тәртібі:

Әрекеттегі әскери қызметшілер бойынша:

  1. Әр мемлекеттік мекемеде (әскери бөлім мен мекемеде) мекеме бастығы орынбасарының төрағалық етуімен кадрлар, жасақтау және қаржы бөлімшелерінің өкілдері қатарынан әскери қызметшілердің пайдасына 2016 жылғы1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған, республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасын айқындау жөніндегі комиссиялар құрылады (мерзімі-2016 жылғы
    10 қаңтарға дейін).
  2. Аударылған МЗЖ жөніндегі анықтамаларды алу бойынша әскери бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің жауапты адамдары 2015 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде орналасу жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттерден әскери қызметшілердің өтініштеріне қосу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ) аударылған міндетті зейнетақы жарналары жөнінде анықтамаларды алады.
  3. Әскери бөлімдер мен мекемелердің қаржы органдарының бастықтары 2015 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде әскери қызметшілерді, олардың пайдасына бюджет қаражаты есебінен аударылған МЗЖ сомасынан 50 қайтару туралы жазбаша түрде ескертеді және 5 (бес) жұмыс күні ішінде жеке бастарын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, өтініштерді жинайды.
  4. Әскери бөлімдер мен мекемелердің комиссиялары 2015 жылғы
    10 қаңтарға
    дейінгі мерзімде зейнетақы жарналарының сомаларын тексеру бойынша жұмыс жүргізіп, республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс соманы айқындап, қағаз және электронды (EXCEL) түрде белгіленген нысанмен әскери қызметшілердің тізімдерін құрып, бағыныстылығы бойынша әскери басқару органдары арқылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығына жолдайды.

Толық емес көлемде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар мен 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш кірген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен шығарылған, қызметтен шығарылған күні еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін шарттары болған әскери қызметшілер бойынша (санаттағы адамдар)

  1. қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің, басқармалардың, бөлімдердің бастықтары 2016 жылғы 10 қаңтарға дейін мекеме бастығы орынбасарының төрағалық етуімен кадрлар, жасақтау және қаржы бөлімшелерінің өкілдері қатарынан аталған санаттағы адамдардың пайдасына аударылған, республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының (бұдан әрі – МЗЖ) 50 пайыздық сомасын айқындау жөніндегі комиссияларды құрды (бұдан әрі – ЖӘБО комиссилары).
  2. ЖӘБО әскери қызметшілерді зейнетақымен және әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі жауапты адамдар 2015 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде аталған санаттағы адамдардың пайдасына бюджет қаражаты есебінен аударылған МЗЖ сомасынан 50 қайтару туралы жазбаша түрде ескертсін және 10 (он) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ аударылған МЗЖ жөнінде анықтамалар мен жеке бастарын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, өтініштерді жинайды.

ЖӘБО комиссиялары қағаз және электронды (EXCEL) түрде Орталықтың мекенжайына:

  • 2016 жылғы 5 ақпанға дейінгі мерзімде – МЗЖбюджет қаражаты есебінен аударылған толық емес көлемде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар бойынша;
  • 2016 жылғы 5 ақпанға дейінгі мерзімде – МЗЖбюджет қаражаты есебінен аударылған 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш кірген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен шығарылған, қызметтен шығарылған күні еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін шарттары болған әскери қызметшілер бойынша тізімдерді жолдайды.

2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізуді ескере отырып, оларды қайта есептеу және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш кірген және 2016 жылғы
1 қаңтарға дейін қызметтен шығарылған әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау қайтару іс-шарасы өткеннен кейін және БЖЗҚ жеке зейнетақы шотынан МЗЖ сомасынан 50 пайызын қайтару туралы растау-анықтамасы алынғаннан кейін жүзеге асырылады.

Сонымен қатар,1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш кірген және2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен шығарылған, зейнетақы төлемдеріне құқығы бар әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері Заңның 68-бабының
2-тармағына сәйкес өтініш жазған күннен бастап тағайындалады. Аталған санаттағы адамдардың зейнетақы тағайындауға құқығы БЗЖҚ зейнетақы жарналарының сомасынан
50 пайызын қайтару туралы растау-анықтамасы алынғаннан кейін пайда болады.

2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу «2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізуді ескере отырып, оларды қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы»ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 940 қаулысына сәйкес қайтару іс-шарасы аяқталғаннан кейін БЗЖҚ зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару туралы растау-анықтамасы алынғаннан кейін жүзеге асырылады.

Аталған мәліметтерді алғаннан кейін ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсете отырып өтініш берген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жинақталған тізімін жасайды және белгіленген мерзімде зейнетақы жарналарын қайтару іс-шарасын жүзеге асыру үшін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің уәкілетті бөлімшесіне жолдайды.

Тұжырымдамамен әскери қызметшiлердің пайдасына жеке зейнетақы шоттарына бюджет қаражаты есебінен аударылған МЗЖ сомасынан 50 пайызын бір реттікқайтаружүзеге асырылған жағдайда әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау көзделеді.

Осыған орай, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқықты анықтайтынТұжырымдаманы және «Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы № 342-V Қазастан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысымен «Әскери қызметшілерге, ... зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысына әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау үшін берілетін құжаттар тізіміне қатысты өзгерістермен толықтырулар енгізілді.

Зейнетақы жинақтаушы жүйесіне қатысушы, еңбек сіңірген жылдар үшін зейнетақы төлемдеріне құқықпен әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерге міндетті шарт Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысан бойынша әскери қызметшілердің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған МЗЖ сомасынан 50 пайызын жеке зейнетақы шотынан қайтару туралы растау-анықтамасыболып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама