• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

08 қаңтар, 2016

Әскери қызметшілерге арналған жаңа зейнетақы заңнамасы бірқатар өзгешеліктерден тұрады

Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы күштік құрылымдарының қызметкерлерін 2016 жылы толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға көшіреді. Қазақстанның зейнетақы заңнамасындағы өзгерістердің қазіргі әскери қызметшілерге, толық емес көлемде зейнетақы алып жүргендер мен 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш рет орналасқандар және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы алуға құқылы жұмыстан босатылғандарға қатысы бар.

ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы өз тарапынан әскери қызметте шекті жасқа жету, денсаулық жағдайы немесе ұйымдық-штаттық іс-шаралар бойынша зейнетке шыққан кезде еңбек өтілі 25 жылдан астам немесе жалпы еңбек өтілі 25 жыл және одан да көп, оның ішінде 12 жыл 6 айы үздіксіз әскери қызметі бар әскери қызметшілер ғана  зейнетақы алуға құқылы екенін ескертеді. Басқа жағдайда әскери қызметші еңбек өтілі үшін зейнетақы ала алмайды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін ҚР Қарулы Күштерінен жұмыстан босатылу кезінде бұрынғы әскери қызметші шекті жасқа жеткенде азаматтық тұлға ретінде заңға сәйкес жалпы негіздемеде базалық зейнетақы ала алады. 

Мәселен, әскери қызметші ҚР ҚК-нен еңбек өтілі 25 жылдан астам бола тұра, оның ішінде үздіксіз әскери қызметі 12 жарым жыл болған жағдайда денсаулық жағдайы бойынша зейнеткерлікке ерте шықса оның жөні бөлек.  

Қызмет өткеру кезінде әскери қызметшінің жинақтаған зейнетақы жарналарына қатысты ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығында осы қаржыны адам өз шотынан шекті жасқа жету бойынша зейнетке шыққан кезде немесе тұрақты тұратын жерін ауыстыру кезінде алуға құқылы деп түсіндірді. 

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама