• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жиі қойылатын сұрақтар

Сурақ
2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап өткізіліп жатқан зейнетақы реформасының шеңберінде 2006 жылғы 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдері, атап айтқанда лауазымдық және әскери атағы бойынша жалақсы көтеріледі ме ?
Жауап

Жоқ. Зейнеткерлердің барлық санаттарына зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыратын жас тәуелсіз мемлекеттің құрылу кезеңінде, ақшалай қаражаттың шиеленіскен тапшылығына байланысты, зейнетақы төлеу екі және одан да көп айларға кешіктіріліп төленді.Осы мәселені шешу үшін 1997 жылы Қазақстанда зейнетақы реформасы өткізілді, соның нәтижесінде зейнетақы мен жәрдемақыға байланысты барлық шығындар, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болды, сол себепті қазіргі таңда зейнетақылар мен жәрдемақылар уақтылы және толық көлемде төленеді. Ел басшылығы Қазақстан Республикасы Парламентімен бірлесіп 1997 жылы зейнетақы мен жәрдемақы саласында мәселелерді реттейтін заңнамалық актілердің бірқатарын қабылдады.

1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы енгізілді (ҚР 2013 жылғы 21 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының енгізілуіне байланысты күшін жойды), оның 5 бабында зейнетақы төлемдерін арттыру Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалатын тәртіпте жүзеге асырылатыны қарастырылған.

Зейнетақы заңнамасы облысында және 1995 жылдан бастап 2006 жылға дейінгі аралықта ақшалай үлесті төлеу жүйесінде көптеген өзгерістердің енгізілуіне байланысты әскери қызметтен босатылу кезеңіне байланысты төленіп жатқан зейнетақы мөлшерінде айтарлықтай айырмашылық пайда болды.

2006 жылы Елбасының жарлығы бойынша күштік құрылымдардың зейнеткерлерінің зейнетақы төлемдерінің мөлшері бір реттік саралап арттырылды және зейнетақы мөлшерлерінде айырмашылықтар жойылды деген негізгі мақсатқа қол жетті, демек әскери қызметтен қай уақыта босатылуына тәуелсіз әскери қызметшілер қатарынан зейнеткерлер бірдей қызметтік жағдайда (лауазым, әскери атақ, еңбек сіңірген жылдар) бірдей зейнетақы мөлшерін ала бастады.

Алайда, осы көтерілуден кейін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің арасында ақшалай үлес мөлшерінің артуына байланысты тағы да ауытқушылық пайда болды, атап айтқанда: 2008 жылы әскери атағы бойынша жалақысы, 2009-2011 жылдары әскери қызметшілердің базалық лауазымдық жалақы.

Бұл жағдай қолданыстағы заңнамада әскери қызметшілердің ақшалай үлесі деңгейінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мөлшерін қайта есептеу механизімінің жоқтығынан пайда болды.

Соңғы 5 жылда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде барлық күштік құрылымдардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды және оны шешу бойынша біріңғай ұсыныстар әзірленді. Бұл ұсыныс Республикалық бюджеттік комиссиямен қолданған жоқ, өйткені бұл мәселені шешу республикалық бюджеттен едәуір ақшалай қаражаттың бөлінуін талап етеді.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін саралап арттыру мәселесін Қазақстан Респбликасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру Концепциясының шеңберінде (бұдан әрі - Концепция) қарастыру жоспарланған, Концепцияның жобасын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде келісу барысында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін саралап арттыру ұсынысы, тек Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі бойынша республикалық бюджеттен жылына үш миллиардтан астам теңге талап етілуіне байланысты қолданған жоқ.

Сурақ
Әскери қызметте 25 жылдан кем қызмет еткен, ТМД елдері заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін алған, ТМД елдерінің бұрыңғы әскери қызметшілерің Қазақстан Республикасында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы барма?
Жауап

Иә. «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V Заңының 64 бабы 7 тармағына сәйкес (бұдан әрі - Заң) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшiлері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарынан жиырма бес жылдан кем еңбек сіңірген, қызметтен босатылған күніне қызметте болудың шекті жасына толған не штаттың қысқартылуына, денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, осы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

Заңның 3 бабы 2 тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 15 мамырдағы «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы қатысушы - мемлекеттерінің әскери қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру» Келісімінің (бұдан әрі - Келісім) қатысушысы болып табылады.

Экономикалық Соттың 2009 жылғы 6 ақпандағы № 01-1/2-08 шешімімен 1992 жылғы 15 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына келісімге қатысушы мемлекеттің бірінде бұрынғы әскери қызметшіге (зейнеткерге) еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған зейнетақыны алу құқығы осы Келісімге қатысушы басқа мемлекетке тұрақты тұруға қоныс аударған жағдайда және осы басқа мемлекеттің заңнамасы бойынша оның бар еңбек сіңірген жылдары зейнетақы тағайындау үшін жеткіліксіз болған жағдайда да сақталады деп белгіленген.

Келісімнің 1 бабына сәйкес, Достастыққа қатысушы - мемлекеттер Қарулы Күштерінің, Достастық Біріктірілген Қарулы Күштерінің, бұрыңғы Кеңес СРО Қарулы Күштері мен басқа да әскери құрылымдардың әскери қызметшілерін зейнетақымен қамсыздандыру, аталған әскери қызметшілер тұратын қатысушы – мемлекеттердің аумағында бекітілген немесе бекітілетін заңнаманың шарттары, нормалары мен тәртіптері бойынша жүзеге асырылады. 

Заңның, 65 бабы 6 тармағына сәйкес, 64 бабы 7 тармағында аталған тұлғаларға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдарының әрбір толық жылы үшін ақшалай қамтылымның 2 пайызы есебінен белгіленеді. Ақшалай қамтылым әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің ұқсас не теңестірілген лауазымы бойынша қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күніне айқындалады.

Мазмұндалғанның негізінде, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы – мемлекеттерінің бірінен бұрынғы әскери қызметшілері (зейнеткерлері) Қазақстан Республикасына қоныс аударған кезде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығы бар.

Сурақ
Міндетті зейнетақы жарналарының 50 пайызын мемлекет табысына қайтарғаннан кейін, әскери қызметшілер әскери қызметтен босатылған кезде 2016 жылғы 1 қаңтарына дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақыжарналарының қалған 50 пайызын ала алама?
Жауап

ЖОҚ. Қазақстан Республикас Заңының (Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы № 342-V Заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен төленетін зейнетақы төлемдерiн:

  • зейнетақы жасқа толған кезде біріңғай зейнетақы жинақтау қорында зейнетақы жарналары барлар;

2) еркектер 63 жас, әйелдер 58 жас;

3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң;

4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

Осыған байланысты, зейнетақы жарналарын төлеу тек жоғарыда аталған  жағдайларда жүзеге асырылады.

Сурақ
Жеке зейнетақы шотында зейнетақы жарналарының 50 % сомасы жетпеген жағдайда, зейнетақы төлемдерін толық көлемге қайта есептеу үшін өз қаражаты есебінен жетіспейтін соманы толықтыру мүмкін бе ?
Жауап

ИӘ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы «Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын бекіту туралы» № 974 қаулысының 18 тармағына сәйкес зейнетақы төлемдерін толық емес көлемде алушылар толық көлемге дейін қайта есептеуді жүзеге асыру үшін, қажетті (жетіспейтін) соманы БЗЖҚ ішкі құжаттарымен бекітілген тәртіпте жеке зейнетақы шотына аударады.

Сурақ
Заңның 64 бабы 4 тармағына сәйкес әскери қызметтен босатылу күніне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығы жоқ әскери қызметшілерге, жасы бойынша зейнетақы төлемдері Заңға сәйкес, демек, зейнетақы жинақтау қорынан тағайындалады. Алайда, Заңның 24 бабына сәйкес әскери қызметшілер біріңғай зейнетақы жинақтаушы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аударудан босатылады. Осыған байланысты, 2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап Қорғаныс Министрлігінің қаржы органдарымен әскери қызметшілерге міндетті зейнетақы жарналарын аудару жүзеге асырылмайды. Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде әскери қызметтен босатылғаннан кейін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу үшін қажетті еңбек сіңірген жылдары жоқ әскери қызметшілер зейнетақысыз қалады, себебі ай сайынғы табыстан 10 пайыз мөлшерінде біріңғай зейнетақы жинақтаушы қорына міндетті зейнетақы жарналары да аударылмайды деген қорытынды шығаруға болады. Осыған байланысты, әскери қызметтен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығынсыз босатылған әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26 бабына сәйкес қалай төленетіндігін түсіндіріп беруіңізді сұраймын? (мысалы: келісімшарт мерзімінің аяқталуына, штаттың қысқаруы немесе денсаулық жағдайы бойынша және әскери қызметтен босатылу күніне қажетті 25 жыл еңбек сіңірген жылдары болмаған кезде).
Жауап

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V Заңына (бұдан әрі - Заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізіуіне байланысты 24 бабы 2 тармағы 3 тармақшасына сәйкес әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

Осыған байланысты, 2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап Қорғаныс Министрлігінің қаржы органдарымен әскери қызметшілерге міндетті зейнетақы жарналарын аудару жүзеге асырылмайды.

Заңның 13 бабы 2 тармағына сәйкес әскери қызмет Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек стажы ретінде есептелінетінеді.

Сонымен бірге, Заңның 27 бабына сәйкес әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлер ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан кезде өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ерiктi зейнетақы жарналарын өзінің табысы есебiнен енгiзуге құқылы.

Осылайша, күштік құрылымдардың әскери қызметтен босатылғаннан кейін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу үшін қажетті еңбек сіңірген жылдары жоқ қызметкерлер зейнетақы төлемдерін жалпы негізде алуларына болады.

Сурақ
2015 жылы зейнетақы төлемдеріне құқығынсыз босатвлған және 2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап құқығы пайда болған әскери қызметшілерге базалық зейнетақы тағайындалады ма?
Жауап

Жоқ. «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Зпңының 4 бабы 2 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы төлемі төленбейді, 2016 жылғы 1 қаңтарынан кейін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған әскери қызметшілерге базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау көзделмеген.

Сурақ
12 жыл 6 ай үздіксіз әскери қызмет әскери қызметтен босатылудың алдында болуы тиіс пе әл де оның маңызы жоқ па? Мысалы: 12 жыл 6 ай үздіксіз әскери қызметім бар, одан кейін 10 жыл еңбек стажым бар, одан кейін денсаулық жағдайыма байланысты әскери қызметтен босатылумен қайтадан әскери қызметте 3 жыл. Осыдан кейін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығым болады ма?
Жауап

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының 64-бабына сәйкес әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерді қоспағанда):

әскери қызметті келісімшарт бойынша өткерiп жүрген, әскери қызметшілер қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына жетуiне, штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты босатылған, 25 және одан да көп жыл жалпы еңбек стажы бар, оның кемiнде 12 жыл 6 айын әскери қызметте, арнайы және құқық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте үздiксiз қызмет атқарған адамдардың еңбек сіңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар. Осыған байланысты, жалпы еңбек стажы 25 жылдан артық, оның ішінде кезеңдердің бірінде 12 жыл 6 ай үздіксіз әскери қызметті құрайтын және әскери қызметтен шектi жасына жетуiне, штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты босатылған әскери қызметшілер еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

Сурақ
Мен әскери қызметке 1998 жылғы 1 қаңтарынан кейін шақырылдым және әскери қызметтен 2016 жылғы 1 қаңтарына дейін босатылдым, әскери қызметтен босатылу күніне 2016 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданыста болған заңнама нормаларына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін шартым бар. Әскерде 16 жыл қызмет еттім және 15 жыл еңбек стажым бар, 2014 жылдың тамыз айында шекті жасқа толуыма байланысты әскери қызметтен босатылдым. Әлі күнге дейін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алмаймын. 2016 жылдың қаңтар айында ҚІЖД зейнетақы жарналарының 50 пайызын мемлекет табысына аудару туралы өтініш тапсырдым. Осыған орай келесіні түсіндіруіңізді сұраймын, әскери зейнетақыны төленеді ме, егер төлесе онда қашан төленетін болады?
Жауап

Иә. Сіз әскери қызметке 1998 жылғы 1 қаңтарынан кейін шақырылды және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен зейнетақы төлемдеріне құқығымен, бірақ бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығынсыз босатылды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі - Заң) 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V Заңы 64-бабы 3 тармағына сәйкес, 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш рет кірген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен босатылған, қызметтен босатылған күнге 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған заңнама нормаларына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалу шарттарына сәйкес адамдардың қызметтен босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдары және ақшалай қамтылымы ескеріле отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін өздеріне зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар.

Заңның 68-бабының 2-тармағына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш кірген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен шығарылған, зейнетақы төлемдеріне құқығы бар әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері өтініш жазған күннен бастап тағайындалады.

Зейнетақы төлемдерін тағайындауғаөтініш жасаудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен қарастырылған (бұдан әрі - Қағида).

Қағиданың 7 тармағына сәйкес, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін өтініш жасаған адам қажетті құжаттар оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын жеке зейнетақы шотынан қайтару туралы растау-анықтаманы қоса бере отырып, тұрғылықты жеріндегі бөлімшеге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:. Ол еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауда құқық беретін құжат болып табылады.

Аталған санаттағы тұлғалар тағайындауға өтініш жазу құқығы «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-нан (бұдан әрі-БЖЗҚ) Анықтама алынғаннан кейін пайда болады.

Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде, зейнетақы төлемдері оларға БЖЗҚ-нан Анықтама алғаннан кейін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін өтініш жазған күннен бастап тағайындалатын болады.

Сурақ
Мен 2014 жылдар бастап зейнеткермін, зейнетақымды толық емес көлемде алдым, зейнетақы екі рет индекстелді: 2015 және 2016 жылдары. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері оларды толық көлемге дейін жеткізу есебімен қайта есептеуден кейін, қайта тағайындалған зейнетақының мөлшері тек бір индекстеуді есепке алды. Осыған байланысты Сізден зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін қайта санау кезінде зейнетақының 2016 жылға 9 % артуы қолданыла ма?
Жауап

Жоқ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 940 қаулысымен бекітілген, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидаларының 6 тармағына сәйкес, қайта есептелген зейнетақы төлемдерінің мөлшері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының Заңның    4-бабының 4-тармағын ескере отырып, зейнетақы төлемдері толық емес көлемде алған барлық кезең үшін индекстеу ескеріле отырып арттырылады.

Сонымен қатар, зейнетақы төлемдерін толық емес көлемде тағайындау 2016 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданыста болаған зейнетақы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылды.

Осыған байланысты, зейнетақы төлемдерін толық емес көлемде алу кезеңі 2015 жылмен шектеледі, сәйкесінше еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептегенде индекстеу 2016 жылға қолданылмайды.

Сурақ
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қалай есептелінеді?
Жауап

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін есептеу «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының 65-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Әскери қызметшiлерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ақшалай қамтылымының елу пайызы есебінен белгіленеді.

Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте жиырма бес жылдан артық еңбек сiңiрген жылдарының әрбір толық жылы үшiн еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері екі пайызға ұлғайтылады.

Қызметтен босатылған күніне жинақталған жиырма бес жылдан асатын жалпы еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері ақшалай қамтылымының бір пайызына ұлғайтылады.

Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшеріне лауазымдық айлықақысы, әскери атағы бойынша айлықақысы кіреді.

Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін айлық зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері ақшалай қамтылымның 65 пайызынан және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 109 еселенген мөлшерінен аспайды.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві