• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

05 шілде, 2016

2016 жылдың соңына дейін 1 600-ден аса әскери қызметшіні баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда

Осы жылдың соңына дейін күрделі құрылыс, күрделі жөндеу және баспана сатып алу арқылы 1 639 пәтер пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұл ретте жалпы ауданы 120 450 шаршы метрлік 1 468 пәтер күрделі құрылыс арқылы тапсырылады. Астана (Қырқыншы ст.), Ақтау, Семей, Алматы қалаларында, сондай-ақ Б.Момышұлы, Сарыөзек, Арнасай кенттері мен Гвардейск қүк. тұратын әскери қызметшілер жаңа жеке баспанаға ие болады.

Күрделі жөндеуден кейін 2016 жылы Аягөз қаласында 80 және 60 пәтерлі екі тұрғын үй және Үшарал қ. 19 пәтерлі жатақхана тапсырылатын болады. Сатып алу арқылы Алматы қ. жалпы ауданы 700 шаршы метрлік 12 пәтер пайдалануға беру жоспарлануда.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда ҚР Қорғаныс министрлігінің балансында 19,7 мың пәтер тұр. Баспанамен қамтамасыз етілгенге дейін әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін үстемақы төленеді. Осы мақсаттар үшін республикалық бюджеттен жыл сайын ақшалай қаражат бөлінеді. Қазіргі уақытта бұған қосымша ретінде жалдамалы баспана жаңа тетігі пысықталуда. Мамандандырылған жалдамалы баспана әрі қарай Қорғаныс министрлігінің жеке меншігіне сатып алына отырып, тиісті жалға алу шарты жасалып, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге ұсынылады. Осылайша, қызметтік тұрғын үй қоры толықтырылады, ал әскери қызметшілер қызмет орны бойынша лайықты баспана бабымен қамтамасыз етіледі.

2602
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві