
Қорғаныс министрлігінде әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз етудің жаңа тетігі мәселелері жөнінде кеңес өткізілді
Астанада ҚР ҚМ Заң департаменті, ҚР ҚК Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы, ҚР ҚМ Экономика және қаржы департаментінің, сондай-ақ Ақмола аудандық пайдалану бөлімінің өкілдері әскери қызметшілерге әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз етудің жаңа тетігінің негізгі өзгерістерін түсіндіріп берді.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 120 әскери қызметшісіне пәтер кілті тапсырылды
Жамбыл облысындағы 120 пәтерлі бес тұрғын үй пайдалануға берілді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 91678 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне қоныстой тойлау бақыты бұйырды.

90 әскери қызметші мен олардың отбасыларына пәтер кілті табыс етілді
Қазақстанның шығысындағы Аягөз гарнизонында 90 әскери қызметші мен олардың отбасылары жаңа қоныс иегерлері атанды. Мұнда күрделі жөндеуден кейін тұрғын үй пайдалануға берілді.

2016 жылдың соңына дейін 1 600-ден аса әскери қызметшіні баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда
Осы жылдың соңына дейін күрделі құрылыс, күрделі жөндеу және баспана сатып алу арқылы 1 639 пәтер пайдалануға беру жоспарлануда.

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа құрылымын ұсынады
Бүгінгі күні ҚР Қорғаныс министрлігінің балансында 19,7 мың пәтер бар. Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің қажеттілігі еліміздің барлық өңірлерінде жалпы көлемі 1 119 мың шаршы метр 20,5 мың пәтерді құрайды. Олардың ішінде Астана, Алматы қалалары үшін қажетті тұрғын үйдің жалпы көлемі 509,4 мың шаршы метр 9,4 мың пәтерді құрап отыр

ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери қызметшілерді тұрғын-үймен қамтамасыз етудің жаңа тетігін ұсынды
Тұрғын үймен қамтамасыз етуде құқықтық қатынасты ретке келтіру жөніндегі кешенді және жүйелі көзқарас қалыптастыру үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері мамандандырылған жалға алынған баспана ұсыну арқылы Қорғаныс министрлігімен әзірленіп жатқан заң жобасы шеңберінде қаралуда.

Әскери қызметшілерге арналған жатақханаларды қайта тіркеу үстемеақы алудың кепілі болмақ
Астанада әскери қызметшілер тұрып жатқан жатақханаларды пәтерден бөлмеге қайта тіркеу жоспарланған. Бұл процесс әрі қарай әскери қызметшілердің жекешелендіру құқығының орнына үстемеақы алуына ықпал етеді.

ҚР ҚК-нің әскери қызметшілеріне Астанадағы пәтерлердің кілті табыс етілді
Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қызметшілеріне пәтерлердің кілті табысталды. Жаңа тұрғын үй арнайы жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы үшін салынды. Бұл баспанаға 232 отбасы орналастырылады.

Басымдылықта ҚР ҚК тұрғын үй қорын жаңарту
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің балансында 2015 жылғы қарашадағы жағдай бойынша шамамен 8 жарым мың бар. Жыл сайын бюджетпен бөлінетін ақшалай қаражат ҚР ҚК ғимараттары мен құрылысының жалпы санынан 5-тен 7%-ға дейін жөндеуді қамтуға мүмкіндік береді.