• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

03 шілде, 2017

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңы – әскери қызметшілерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі

Ағымдағы жылғы шілдеде әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына кепілдік беретін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңы Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі қағидаттарының бірі есептемелер мен (немесе) жарналарды міндетті түрде төлеу, сондай-ақ мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ынтымақтастық жауапкершілігі болып табылады. Аталған Заң шеңберіңде барша азаматтар, оның ішінде, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін медициналық қызметтердің кең түрі көрсетілетін болады. Одан басқа, Заңның 28-бабы 4-тармағына сәйкес  әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылған санатқа жатқызылады. МСҚҚ-ға құйылатын жарналарды көрсетілген санатқа мемлекет төлейді. Сондай-ақ әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, зейнеткерлер мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету ведомстволық медициналық ұйымдарда (әскери-медициналық мекемелерде, бөлімшелерде) жүзеге асырылатынын айта кету қажет. Әскери қызметшілердің, қызметкерлердің жұмыс атқару орнында немесе ведомстволық медициналық ұйымдардың тұрғылықты жері бойынша болмауы немесе онда тиісті бөлімшелердің, мамандардың не арнайы жабдықтың болауы кезінде медициналық көмек ақысыз медициналық көмек және міндетті түрдегі әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілді көлемі шеңберінде көрсетіледі.   Бұл ретте көрсетілген медициналық көмек үшін медициналық ұйымдарға төлемді қормен жүзеге асыру қарастырылған. Сонымен бірге, отбасы мүшелеріне еліміздің барлық азаматтары үшін әрекет ететін медициналық көмек көрсетудің жалпы тәртібі таратылады. «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жұмыссыз ретінде қаралатын және олардың МСҚҚ-ға жарна төлеуден босату үшін  қысқартылған тіркеу тәртібі қарастырылатын әскери қызметшілердің, арнайы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жарына/зайыбына қатысты болмайды.

1299
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві