• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

10 сәуір, 2017

ҚР ҚК-дегі жиында әскери медицинаны дамыту перспективасы талқыланды

Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери-медициналық мекемелер, түрлер, әскер тектері және өңірлік қолбасшылықтардың медицина қызметтерінің өкілдерімен жиын өтті.

Медициналық мамандар алдағы 5 жылға Қазақстан Қарулы Күштері әскери-медициналық қызметінің перспективасы мен дамыту жолдарын талқылап, сондай-ақ, қол жеткізілген жетістіктер мен оң нәтижелерді, сонымен қатар, шешуді қажет ететін мәселелерді белгілеп, 2016 жыл және 2017 жылдың бірінші тоқсаны бойынша жұмысты қорытындылады.

Жиынға қатысу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлттық ұлан, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті, ҚР ҰҚК Шекара қызметі медициналық қызметтерінің өкілдері шақырылды.

Бүгінде ҚР ҚК әскерлерін медициналық қамтамасыз ету жүйесі әскери бөлімдердің медициналық бөлімшелері, әскери емдеу мекемелерінің желісі, ҚР ҚМ Орталық әскери-дәрігерлік комиссияны, медициналық мүлік пен техниканы сақтау қоймалары, санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерді, сондай-ақ, медициналық персоналды, оның ішінде, тактикалық буынды оқыту және біліктілікті арттырумен айналысатын мекемелерді қамтиды.

Қарулы Күштердегі әскери медицина саласы жылдан жылға сапалы жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Әскери дәрігерлер заманауи әлемдік медицинамен ілгері қадам басып келеді. Олар емдеудің жаңа технологиялары мен әдістемелерін зерделейді, оны жоғары әлемдік стандарттарға сай келетін медициналық жабдықты қолдана отырып, іс жүзінде қолданады.

Барлық емдеу мекемелерінде әртүрлі ауру-сырқаулар кезіндегі тексеру алгоритмдері әзірленді. Бұл нақты диагноз қоюды жеделдетеді және бастапқы кезеңдерде күрделі ауру-сырқауларды диагностикадан өткізуге, барабар ем жүргізуге және дұрыс сараптамалық шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама