• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

03 наурыз, 2017

Әскери дәрігерлер ардагердің көз жанарын қалыпқа келтірді

Астанада Қорғаныс министрлігіне қарасты Бас әскери клиникалық госпиталінің әскери дәрігерлері Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері Николай Сидоровтың көз жанарын қалпына келтірді.

Ол күрделі диагнозбен Ақтөбедегі әскери госпитальдің жолдамасы бойынша Астанада орналасқан госпитальге келді. Ардагердің айтуынша, соңғы жылдары оның көру қабілеті күрт нашарлай бастаған. Көзі қарауытып, жақыннан мүлдем көрмеген. Ұзақ уақыт бойы бас ауыруы маза бермеген.

Астанадағы әскери госпитальдегі офтальмология бөлімшесінің бастығы медициналық қызметінің бастығы Андрей Кузлев факоэмульсификация (күрделеніп, асқынып кеткен суқараңғыны алып тастау) әдісімен ота жасау туралы шешім қабылдады. Науқастың көптеген ауытқуының болуының салдарынан (жоғары артериялық қан қысымы, атеросклероз және жақында ғана болған инсульт) операцияны өткізу күрделене түсті. Алайда, ақ желеңділер жағдайды бағалап, ардагердің көз жанарын қалыпқа келтіру үшін отаны өткізуге бел байлады.

Аға лейтенант Андрей Кузлевтің айтуы бойынша мұндай операциялар емханада алғаш рет өткізіліп отырған жоқ. Дәрігерлермен қолданылатын офтальмологиядағы соңғы жетістіктердің арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Әскери дәрігерлердің пайымдауы бойынша Николай Сидоров бірнеше аптадан кейін толық қалпына келеді. «Ақ халатты абзал жанның бақыты – сауығуына жәрдем берген науқастардың емханадан жазылып шығуы», - дейді медицина ғылымдарының докторы, профессор, медициналық қызметінің полковнигі Гүлпарида Байділдаева.

Ардагердің өзіне келсек, ол көз жанарын қалпына келтірген әскери дәрігерлерге шексіз алғыс білдіруде. «Қазіргі кезде мен шынымен де жақсы көремін. Жақыннан да алыстан да ұсақ қаріптерді оқитын болдым. Көздің құрғауы жоқ десе де болады. Жанарым ауырмайды. Арасында көз тамшысын тамызып тұрамын. Бірақ, дәрігер жазып берген жаттығуларды жасаймын. Госпитальдің барша ұжымына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Шетелдегі госпитальдарда ем-дом алған болатынмын. Бірақ, дәл осындай жауапкершілікті және кәсіби шеберлікті талап ететін кәсіби мамандарды көрмеппін. Бүгін мені емханадан шығарады және Ақтөбеге үйіме ораламын. Кеше көз қарашығын қарап, көру қабілетімді тексерді. Ота ойдағыдай, сәтті өткендігі айдан анық», - дейді ардагер.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери медицина саласы жыл сайын сапалы жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұның айқын дәлелі ретінде білікті кадрлардың дайындығы, әскери-медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасының жетілдірілуі және әскери қызметшілердің жоғары сапада ем алуын айтуға болады.

1212
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама