• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Талаптар

Жедел әскери қызметке кіретін азаматтарға қойылатын талаптар

Жедел әскери қызметке он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, кейінге қалуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштерін толымдау үшін қажетті шамада шақырылады.

Бірінші кезекте жедел әскери қызметке әскери шақырылушыға тиісті білімі, мамандығы, өндірістік біліктілігі, отбасы жағдайы, физикалық және әскери дайындығы, денсаулық жағдайы, моральдық-іскери қасиеттері бар адамдар шақырылады да, Қарулы Күштерінің тиісті түрлері мен тектеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларға жіберіледі, сонымен қатар әскер қатарына шақырушылардың бос орындар болған жағдайда, қандай да бір әскер түрлерінде қызмет ету тілегі ескеріледі.

Жеке сұхбат барысында азаматтардың денсаулық жағдайына, білім деңгейіне, моральдік-психологиялық күйіне және отбасылық жағдайына баса назар аударылады. Құрлық әскерлеріне бой бойынша қойлатын талаптар 155 см-ден 165 см-ге дейін, ал Аэроұтқыр әскерлерге 165 см-ден 170 см-ге дейін. Жедел әскери қызметке қажетті медициналық көрсеткіш тек – «дені сау болу керек». Әскерге алынуға шақырылған азаматтар мен жедел әскери қызметке алынған әскери қызметкерлерге психологиялық тестілеу жүргізіледі. Қорғаныс министрлігінде психологиялық және әлеуметтік қызметтер құрылған, полка дейінгі құрылымдарда, сонымен қатар Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде психолог қызметі енгізілген, бұл әскерге шақырылушылардың психологиялық күйін тіркелген күнінен бастап запасқа шыққанша дейін бақылауға мүмкіндік береді.

Әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылу

1. Бейбіт уақытта әскери қызметке шақырылудан төмендегі азаматтар босатылады:

1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз болып танылғандар;

2) жиырма жеті жасқа жеткеннен кейін жедел әскери қызметке заңды негізде шақырылмағандар;

3) әскери қызметті атқару барысында өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бірінші не екінші топтағы мүгедек болған туыстары (әкесі, анасы, ағасы немесе әпкесі) бар азаматтар;

4) басқа мемлекетте әскери (альтернативті) қызметін өткергендер;

5) ғылыми дәрежесі бар азаматтар;

6) тіркелген діни бірлестіктердің діни қызметкерлері.

2. Әскери жиындардан төмендегілер босатылады:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында қызметі қорғанысты, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты тұлғалар;

2) мемлекеттік, азаматтық және эксперименталды авиацияның авиациялық қызметкерлері;

3) ауылшаруашылығында және ауылшаруашылық техникаларын жөндейтін ұйымдарда жұмыс істейтін тұлғалар егін салу және оны жинау кезеңінде;

4) күндізгі бөлімде оқытатын білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері оқу жылы кезеңіне;

5) күндізгі бөлімде оқытатын білім беру ұйымдарында оқитындар;

6) әскери міндетті әйелдер;

7) запасқа шығарылғаннан кейін екі жыл ішінде әскери міндетті азаматтар;

8) үш немесе одан да көп балалары бар он сегіз жасқа дейінгі тұлғалар;

9) тергеу, алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе қылмыстық ісін сот қарап жатқан тұлғалар;

10) Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілдік органдардың депутаттары болып сайланған (тағайындалған) әскери міндеттілер.

  • Осы мақаланың 2) тармағының 7) тармақшасында көрсетілген әскери міндеттілер арнайы жиындардан босатылмайды.
  • соғыс жағдайында немесе соғыс уақытында мобилизация бойынша әскери қызметке шақырылудан денсаулық жағдайы бойынша жарамсыз деп танылған азаматтар босатылады.
  • Әскери қызметке шақырылудан босатылу құқығы бар, осы мақаланың 1) тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерден басқа азаматтар мүдделі тұлғалардан нотариалды түрде куәландырылған тиісті құжаттары мен өтініш тапсырған жағдайда өз қалауымен әскери қызметке шақырылуына болады
  • Бейбіт уақытта әскери қызметке сотталған азаматтар шақырылмайды.
  • Осы мақаланың 1) тармағының 1) тармақшасында ескерілген шақырылудан босатылу негіздімесі күшін жойған азаматтар күші бар Заңмен бекітілген тәртіпте әскер қатарына шақырылады.

Әскери қызметтегі әскери қызметкерлердің шекті жас шамасы төмендегідей бекітіледі:

1) жауынгерлік және кіші сержанттық құрамның әскери қызметкерлері – қырық бес жас;

2) аға сержанттық құрам мен подполковникке (екінші рангтағы капитан) дейінгі офицерлік құрамның әскери қызметкерлері – қырық жеті жас;

3) жоғары сержанттық құрам мен полковниктер (бірінші рангтағы капитандар) – елу бес жас;

4) генерал-майорлар (контр-адмиралдар), генерал-лейтенанттар (вице-адмиралдар) – алпыс жас;

5) генерал-полковниктер, адмиралдар мен армия генералдары – алпыс үш жас.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві