• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

БШБ орынбасарлары

Генерал-майор Шпекбаев Руслан Нұртөлеуұлы

Генерал-майор Руслан Нұртөлеуұлы Шпекбаев 1968 жылы 23 ақпанда Семей облысы, Үржар ауданының Бестерек ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Одессалық жоғары артиллериялық командалық училищесін тәмамдады. 2003 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жоғары артиллериялық университетін үздік бітірді. 2011 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының жоғары академиясын аяқтады.

Взвод командирінен бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасарына дейінгі офицерлік құрамның лауазымдарында әскери қызмет атқарды.

  • 1989 жылғы шілдеден бастап взвод командирі, батарея командирі, дивизион командирі лауазымдарында қызмет өткерді.
  • 1994 жылғы қазаннан бастап 1995 жылғы қараша аралығында ГФР Бундесвер артиллериялық мектебінде білім алды және әскери практикадан өтті.
  • 1996 жылғы ақпаннан бастап штаб бастығы – армиялық корпус артиллериялық полктің командирі қызметін атқарды.
  • 1997 жылғы желтоқсаннан бастап мотоатқыш дивизиясы артиллериялық полкінің командирі қызметін атқарды.
  • 2003 жылғы тамыздан бастап дивизия командирінің (атыспен зақымдау жөніндегі) орынбасары – механикаландырылған дивизия зымыран әскерлері және артиллерия басқармасы бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды.
  • 2004 жылғы қарашадан бастап өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының атыспен зақымдау жөніндегі орынбасары – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы әскер тегінің зымыран әскерлері және артиллерия бастығы қызметін атқарды.
  • 2011 жылғы шілдеден бастап Ұлттық қорғаныс университеті әскери және мемлекеттік басқару факультеті жедел өнер кафедрасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.
  • 2012 жылғы қыркүйектен бастап Департамент бастығының орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы Стратегиялық жоспарлау департаменті басқармасының бастығы қызметін атқарды.
  • 2013 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР ҚК Бас штабы Стратегиялық жоспарлау департаментінің бастығы лауазымында қызмет етті.
  • 2017 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары лауазымында қызмет етіп жүр.

Мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін 14 медаль.

ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві