• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі Қорғаныс министрлігінің 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау туралы есебі

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына және оны іске асыру жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № 339 бұйрығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі ҚР ҚМ 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді, ол толығымен орындалды. 2016 жылғы 1 қаңтарда әскери полиция органдарының әскери бөлімдер мен әскери мекемелерде әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтауын тексеру құқығы және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша хаттама толтыру құзыреті н заңнамамен бекітілді.
2017 жылғы 13 маусымда «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға олардың тізбесін мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітетін лауазымдарға тағайындалатын әскери қызметшілерге және Қарулы Күштердің азаматтық персонал адамдарына қатысты психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді қолданумен тексерулер жүргізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Көрсетілген заңнама нормасына сәйкес, кадрлармен жұмысты жетілдіру және Қарулы Күштерді сапалы жасақтау мақсатында Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы бұйрығымен тағайындалу кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарына қатысты психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізілетін әскери лауазымдар тізбесі бекітілді.
Жергілікті әскери басқару органдары бұрын көрсеткен әскери билет және анықтама беру жөніндегі қызметтер халыққа қызмет көрсету орталықтарына берілді, бұл аталған салада сыбайлас жемқорлық көріністі ықшамдауға әсер етті.
Сыбайлас жемқорлық жасауға бейім бағыттардың бірі ол азаматтардың Әскери-техникалық мектепке түсу кезінде орын алатынын тәжірибе көрсеткен болатын, осыған байланысты Әскери-техникалық мектепке түсу үшін азаматтарды қабылдау туралы арыз халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы да жүзеге асырылады.
Өтеусіз негізде әскери техникалық мектептерде оқу үшін адамдардың жас мөлшері өзгертілді. Егер бұрын әскери техникалық мектепке 22 мен 27 жас аралығындағы әскерге шақырылушылыр қатыстырылса, жаңа Заң бойынша – 24 пен 27 жасқа дейінгі әскерге шақырылушылар қаралды, бұл тұрғындар арасындағы аталған мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранысты азайтты және сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендетті.
Әскери қызметшінің қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелсіз себептермен қызметте болмау себебінен әскери қызметтен шығару негіздері, бұрын әскери бөлім командирінің шешіміне қарауға берілетін құқық жағдайлары жойылды.
Бұрын теріс себептермен босатылған адамдар келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданбайды.
2015 жылдан бастап мемлекеттік сатып алу тәртібі өзгертілді, оның шеңберінде құрылымдық бөлімшелер мемлекеттік сатып алу рәсімдерінен босатылды, ал бірыңғай тапсырыс беруші және ұйымдастыру қызметтері Мемлекеттік сатып алу бас басқармасына жүктелді.
«Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. 
Сонымен, қорғаныс мұқтажы үшін мемлекеттік сатып алу жүргізу Қорғаныс министрлігінен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс операторына берілді, ол Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен таңдалады. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс операторларды (орындаушыларды)таңдау мемлекеттік тауарөндірушілер мен жұмыспен қызмет көрсету тізіміне енгізілген ұйымдар мен заңды тұлғалар қатарынан жүргізілетін болады. Операторлардың және орындаушылардың қызметіне әскери және қосарлы мақсаттағы өнімдерге бағаны тұрақтату енгізілді және уәкілетті органға ұсынады, өз кезегінде оны мемлекеттік тапсырыс берушіге жолдайды.
ҚР Президентінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 187 Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» ҚР Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес әскери бөлім командирлері (бастықтары) мен басқа да лауазымды адамдарының қызметтік міндеттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын өз құзыреті шегінде орындауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттермен толықтырылды.
Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда әлеуетті  құрылымдардың тиісті өзара іс-қимылы мақсатында 2015 жылғы 20 қарашада Қорғаныс министрлігінде «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын әскери қызмет саласындағы іске асыру» тақырыбында кеңес өткізілді, оның қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қабылданған меморандум шеңберінде 2016 жылғы 7 сәуір мен 10 мамыр кезеңінде Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің және оған бағынысты жергілікті әскери басқару органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді, онда жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталды.
Қорғаныс істері жөніндегі органдарда сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін жағдайларды жою шаралары қабылданды.
Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында әскери қызметшілер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы азаматтардың арыздарына арналған «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты арнайы бөлім, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін кеңінен қамтамасыз ету үшін құрылған «жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» айдары жұмыс істейді.
Қорғаныс министрлігінің сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы нормативтік құқықтық актілер, басшылыққа алынған құжаттар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын әске асыру туралы ақпарат, жадынама, әдістемелік ұсынымдар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқа да материалдар жарияланды.
ҚР-ның 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес Қорғаныс министрлігі қызметінің бағаланатын бағыттарының бірі Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар профилактикасы болып табылады.
Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 21 бұйрығымен Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссияның құрамы жаңартылды, өзінің қызметінде бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспарының 100 нақты қадамын, Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумды, Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 74 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссиялар туралы ережені және басқа да қолданыстағы құжаттарды басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабы мен Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелерінде, әскер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының  басқармаларында, әскери бөлімдер мен мекемелерде ұқсас комиссиялар қызмет атқаруда.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 62 бұйрығымен Қарулы Күштердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары бекітілді.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 352 бұйрығымен Қарулы Күштердің әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары бекітілді.
ҚР ҚК-да 2016-2018 жылдарға арналған құқық бұзушылықтарды алдын алу бағдарламасын іске асыру шарасының жоспары бекітілді, оның негізгі бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлықты алдын алу болып табылады.
Әскери бөлімдер мен әскери мекемелерде әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтауын тексеруге әскери полиция органдарының құқығын заңнамамен бекітуге байланысты және жоғарыда көрсетілген Жоспардың 41-тармағын орындау үшін 2016-2017 жылдары әскери полиция органдары 1215 әскери бөлімді тексерді, оның нәтижелері бойынша әскери бөлімдер қолбасшылығына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін жағдайларды жою жөнінде 216 ұсыным, 61 ақпараттық хат енгізілді, оны қарау кезінде 509 лауазымды адам тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 311 бұйрығымен бекітілген ҚР Қорғанысмині мен Бас штабының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау тәуекелі жоғары лауазымдарының тізбесі жаңартылды. Осындай лауазымды ұзақ уақыт атқаратын лауазымды адамдарды ауыстыру жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау тәуекелі жоғары мемлекеттік лауазымдарды айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әскери басқару органдарына жолданды.
ҚР Қорғаныс министрлігі мен шетел мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық жоспарларын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибе алмасу мәселесі бойынша тараптар сарапшыларының жұмыс кездесулері өткізілді.
2015 жылғы 30 наурыз бен 1 сәуір кезеңінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде «Жоспарлау және талдау үдерісі» бағдарламасы құзыретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша және әскери қызметшінің кодексі бойынша НАТО-мен жаңа ынтымақтастық мақсаты қабылданды.  
Сонымен, 2015 жылғы 20 мен 22 қазан кезеңінде Астана  қаласында ҚР ҚК және Ресей Федерациясының әскери полиция органдары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кездесуі болып өтті. 
2016 жылғы 11 қазанда Астана қаласының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум тарапттарының қатысуымен НАТО Халықаралық хатшылығының ұйымдастыруымен этикалық негіздерді нығайту жөніндегі НАТО бағдарламасымен таныстыру семинары өткізілді.
Жоғары әскери оқу орындарында және жоғары білім беру ұйымдары жанындағы әскери кафедраларда құқық қорғау және арнаулы органдарының қызметкерлерін сабақ өткізуге тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы курстар жүргізіледі.
Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшесінің әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы білуі бойынша тест қабылдау, тиісті рейтинг кестесін әзірлеу тәжірибесі енгізілді.
Шетелдік тәжірибені ескере отырып, кадр жұмысын дамыту шеңберінде ҚР ҚМ офицерлері жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін, қызметтік
іс-әрекетінің нәтижелерін салыстыруда негізделген офицерлер құрамын жыл сайынғы рейтингілік бағалау жүйесінің жобасы әзірленді. Осы жоба енгізілетін «SAP» автоматтандырылған кадрларды есепке алу жүйесінде іске асырылды.
2015-2017 жылдары ҚМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындауын бақылау жөніндегі комиссияның 35 отырысы өткізілді, сонымен қатар 1-селекторлық отырысы өтті, оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының, Бас әскери прокуратураның, Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның өкілдері, Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, Ақмола, Алматы, Семей, Қарағанды, Тараз және Атырау гарнизондары ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери бөлімдерінің командирлері қатысты.
Комиссия отырысында ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары, бюджеттік жоспарлау және қаржы, әскери білім және ғылым департаменттерінің, мемлекеттік сатып алу, әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармаларының, Тыл және қару-жарақ бастығы басқармасының, Әскери өкілдіктер орталығының, Спорт комитеті – Армия орталығының спорт комитетінің, 36814 әскери бөлімінің,Оталық мұрағыттың, Ұлттық әскери-патриоттық орталығының лауазымды адамдары, ҚМ ӘТМ бас директоры, «Астана», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшылары, Қарағанды және Семей АПБ-ы бастықтары тыңдалды.Нәтижелері бойынша әскерге шақырту, мемлекеттік қызмет көрсету, қаржы, мемлекеттік сатып алу, құрылыс, күрделі жұмыс, тамақтандыруды ұйымдастыру, киім-кешекпен қамтамасыз ету және әскери спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы нақты ұсыныстар берілді. Осы орайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарды алдын алу және ескерту жұмыстарына ерекше мән беріліп отыр.
Халықаралық тәжірибе негізінде сыбайлас жемқорлықты алдын алу үшін Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлық көріністерінің пайда болуы мүмкін нүктелердің тізбесі әзірленді.
Құқық күні бекітілді, әр айдың соңғы бейсенбі күні әскери полиция, құқық қорғау органдарының, заң және сот өкілдерінің қатысуымен қолданыстағы заңнаманың талаптары түсіндіріледі және оқытылады.
Әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыс жандандырылды.
Бірлескен жоспарларға сәйкес 2015-2017 жылдары Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы түсіндіру жөнінде 372 дөңгелек үстел, 506 кеңес өткізілді, өңірлік БАҚ-та сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына бағытталған 253 сөз сөйлеу жарияланды.
Қарулы Күштерде барлығы сыбайлас жемқорлық профилактикасына бағытталған 18879 (2015 ж. – 5232, 2016 ж. – 5827, 2017 ж. 7820) іс-шара өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралардың нәтижесінде ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырған кезден бастап Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлық қылмыстар санының 2015 жылды 2014 жылмен салыстырғанда 21%-ға, 2016 жылы 7%-ға, 2017 жылы 24%-ға төмендеуі байқалады.
2017 жылы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде тұрғындар Қорғаныс министрлігіне жоғары дәрежеде сенім білдіреді.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві