• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Әскери спорт

30 қараша, 2019

Қорғаныс министрлігінің командасы ҚР Тұңғыш Президенті Кубогін жеңіп алды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордадағы "Жекпе-жек" сарайыында  қоян-қолтық және әскери қоян-қолтық ұрыстан V халықаралық турнир өтті. Шешуші шайқас.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кубогі үшін Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің ең мықты балуандары бақ сынасады. Барлығы 409 спортшы қатысты,олардың ішінде әлем, Азия және Еуропа чемпиондары, 20-дан астам халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 70-тен астам ҚР спорт шебері, бірнеше жүзден астам кандидат және қоян-қолтық ұрыс бойынша бірінші дәрежелі иегерлері бар.

Турнирдің жабылу салтанатына Премьер-министр Асқар Мамин, қорғаныс министрі – Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдстығының төрағасы генерал-майор Нұрлан Ермекбаев, халықаралық қоян-қолтық ұрыс федерациясының президенті Сергей Астахов, Парламент депутаттары, министрліктер мен күш құрылымдарының басшылары және басқалар қатысты.

Әскери қоян – қолтық ұрыс бойынша жалпыкомандалық есепте ҚР Қорғаныс министрлігінің құрама командасы үздік деп танылды, екінші орынға "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының спортшылары ие болса, үшінші орынға ҚР Ішкі істер министрлігінің командасы және Өзбекстан құрама командасы табан тіреді.

Қоян – қолтық ұрыс бойынша ерлер арасындағы жеке біріншілікте ең үздік деп танылғандар, 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде – Жандос Мадехиянов (ҚР ҚМ), 60 кг дейін – Бауыржан Сұлтанов (ҚР ҰҰ), 65 кг дейін – Шыңғыс Жанғазы (ҚР ҰҚК), 70 кг дейін – Данияр Қойшыбек (Айбын), 75 кг дейін – Айдын Төлепбаев (ҚР ІІМ), 80 кг дейін – Магомед Кабардиев (Ресей), 85 кг дейін – Демей Бексұлтан (ҚР ҰҚК), 90 кг дейін – Мирас Шынтасов (Атырау облысы), 90 келі салмақ дәрежесінен жоғары-Жеңіс Ердәулет ие болды (ІІМ қсқб).

Қоян – қолтық ұрыстан нәзік жандылар арасында: 50 кг дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Томирис Жүсіпова (Ақмола облысы), 55 кг дейін – Зинаида Белоусова (ҚР ҚМ), 60 кг дейін – Регина Максимова (ҚР ҚМ), 65 кг дейін – Сора Рахмонова (ҚР ҚМ), 70 кг дейін – Талшын Жұматаева (ҚР ҚМ), 75 кг дейін – Күндиас Сағындықова ("Запад" РгК), 75 кг астам-Умида Садықова (ҚР ҚМ).

Бұл турнирде бірінші орынға  "спорт шебері" спорттық атағы беріледі. Тұрақты түрде ұйымдастырылып отыратын турнирдің биылғы жалпы жүлде қоры 8 млн. теңгені құрайды. Бұған дейін ол ҚР күш құрылымдарымен кезек бойынша өтетін. 2018 жылдан бастап тұрақты негізде жарыстарды ҚР Қорғаныс министрлігі ұйымдастырады.

373
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН