• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Әскери спорт

30 наурыз, 2019

Алматыда әскери қызметшілердің балалары арасында спорттың әскери-қолданбалы түрлерінен Спартакиада өтті

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және жаппай спортты дамыту шеңберінде Спорт комитеті – АОСК оқу-жаттықтыру орталығының базасында әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет басшыларының тікелей қатысуымен ҚР ҚК шалғай гарнизондарындағы әскери қызметшілердің балалары арасында спорттың әскери-қолданбалы түрлерінен Спартакиада ұйымдастырылды.

11 әскери гарнизоннан келген 140-тан аса бала спорттың бес түрінен бақ сынасты. Ол: қазақ күресі, таэквондо, үстел теннисі, мини футбол және эстафета түрінде 400 метрге жүгіру.

Спартакиаданың ашылу рәсімі Қызылорда облысында ҚР ҚК тікұшағының апатқа ұшырауы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге құрмет көрсету бойынша үнсіздік минутынан басталды.

«Спортпен айналысуға уәждеме жасаудан басқа бүгінгі жарыстың басты мақсаты әскери қызметшілердің балалары қатарынан Армия орталық спорт клубының әлеуетті спорттық резервісін қалыптастыру болып табылады. Дәл осылар әрі қарай Қарулы Күштердің қатарын толықтырып, армиялық клубтың намысын республикалық және халықаралық маңызы бар сайыстарда қорғайтын болады», - деді Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов.

Сайыс қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің балалары арасында Тараз гарнизонының командасы бірінші орынды, Гвардейск гарнизонының спортшылары екінші орынды және Семей гарнизонының командасы үшінші орынды иеленді.

902
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві