• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Әскери спорт

24 қараша, 2018

Қоян-қолтық ұрыс және армиялық қоян-қолтық ұрыстан ІV ашық республикалық турнир өз мәресіне жетті

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында елордада ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы кубогына қоян-қолтық және армиялық қоян-қолтық ұрыстан ІV ашық республикалық турнирден жекпе-жек өтті.  

Турнирдің жабылу рәсіміне ҚР Қорғаныс министрі -  Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс ассоциациясының төрағасы Нұрлан Ермекбаев, қоян-қолтық ұрыстан халықаралық федерациясының президенті Сергей Астахов, ҚР Парламентінің депутаттары, министрліктер мен әлеуетті құрылымдардың басшылары мен танымал армиялық спортшылары Ольга Рыпакова, Мақсұт Жұмаев және тағы басқалар қатысты.

Турнирді ҚР Қорғаныс министрлігі Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс ассоциациясымен бірлесе ұйымдастырды.

Аталмыш турнирдің ерекшелігі армиялық қоян-қолтық ұрыс пен қоян-қолтық ұрыстың бірігуі, сондай-ақ әйел әскери қызметшілердің қатысуы болып табылды. Алдын ала ауқымды дайындық жұмысы жүргізілді. ҚР ҚК-нің әскери бөлімдері мен өңірлік қолбасшылықтарында іріктеу сайыстары өткізілді. Оның жеңімпаздары турнирге қатысты.

Төрт күндік қызу сайыс қорытындысы бойынша әлеуетті күштер мен еліміздің облыстарының намысын қорғаған 30-дан аса команданың 400 қатысушысы арасынан Қазақстанның мықты спортшылары анықталды. Биылғы жылы турнирдің жалпы жүлде қоры 10 млн. теңгені құрайды.

Жеке біріншілікте қоян-қолтықты жүргізудегі үздік шеберлігі үшін  абсолюттік санатта Мемлекеттік күзет қызметінің  әскери қызметшісі Олжас Абзалиев атанды. 

Өздерінің салмақ дәрежелерінде қоян-қолтық ұрыстан ерлер арасында 55 келіге дейін Сағын Қазбек (ҚР ІІМ), 60 келіге дейін Зейнолла Бақдәулет (ҚР МКҚ), 65 келіге дейін Ұлан Мұқашев (ҚР ІІМ), 70 келіге дейін Кәден Айбек (ҚР МКҚ), 75 келіге дейін Айдын Төлепбаев (ҚР ІІМ), 80 келіге дейін Руслан Мұхамбаев (ҚР МКҚ), 85 келіге дейін Нұрсұлтан Бекбатшаев (ҚР МКҚ), 90 келіге дейін Данияр Үстембаев (ҚР МКҚ), қоян-қолтық ұрыстан әйелдер арасында 60 келіге дейін Сора Рахманова (ҚР ҚМ), 65  келіге дейін Регина Максимова (ҚР ҚМ), 70 келіге дейін Әнел Сейітмұрат (ҚР ІІМ), 70 келіден аса Мереке Жүнісова (ҚР ҚМ).

Турнир аяқталған соң армиялық қоян-қолтық ұрыстан жалпы командалық есепте 14776 әскери бөлімінің құрама командасы мықты команда болып танылды. Қоян-қолтық ұрыстан Мемлекеттік күзет қызметінің құрама командасы үздік атанды. Екінші орынға ҚР Қорғаныс министрлігінің құрама командасы жайғасса, көшбасшылардың үштігіне ҚР Ішкі істер министрлігінің командасы ілікті.

Іс-шара Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың көркемдік ұжымы дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Алғаш рет концертте Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен турнирге қатысушылар арасында әп-сәтте танымал болған «Мың алғыс Елбасы» патриоттық әні орындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама