Әскери спорт

29 маусым, 2018

«Әскери альпиниада-2018» конкурсының жеңімпаздары анықталды

Алматыда «Әскери альпиниада» барысында Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері танымал қазақстандық альпинист, ҚР ҚК капитаны Мақсұт Жұмаевтың кубогына өткен жарыс аяқталды.

Бұл конкурстың қорытындысы бойынша 03811 әскери бөлімінің командасы жеңімпаз атанса, ал екінші орын 44736 әскери бөлімінің және үшінші орын 91678 әскери бөлімінің командаларына бұйырды.

«Төрт жыл бойы аталған «Әскери альпиниадаға» ең мықты деген тау бөлімшелерінің өкілдері қатысып келеді. ҚР ҚК жеке құрамын жауынгерлік даярлық элементтерінде заманауи жағдайда тау даярлығы маңызды болып саналады. Әскери қызметшілер қойылған міндеттерді сәтті орындап шықты деп есептеймін. Қазіргі кезде тау командасы «Эльбрус сақинасы» конкурсына қатысу үшін күшейтілген дайындық жұмыстарын жүргізуде», - деп Спорт комитетінің төрағасы Расул Мейірманов хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, бұл конкурс үш кезеңде өтті. Бірінші кезеңде әскери қызметшілердің алдында өзен арқылы тікелей және аспалы өткелмен өту міндеті тұрды. Екінші кезеңде – топ құрамында қоршауда таулы жерлерде атысу, сондай-ақ зардап шеккендерді көшіру аумағына тасымалдау.

«Әскери альпиниаданың» соңында әскери қызметшілер «Нұрсұлтан» (4376 метр) шыңына шықты.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама