Әскери спорт

03 шілде, 2018

Қарулы Күштерде классикалық парашюттік спорт бойынша чемпионат өз мәресіне жетті

Үздік армиялық парашютшілер классикалық парашюттік спорт бойынша ҚР Қарулы Күштерінің  27-ші ашық чемпионатында дәлдеп қону және акробатикалық жаттығуларды орындау бойынша  сайысқа түсті.

Чемпионаттың бас жүлдесі үшін 19 команда бақ сынасты. Олардың 2-еуі әйелдерден құралған команда.  Қарулы Күштердің намысын Десанттық-шабуылдау әскерлері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері,  Әскери-әуе күштерінің іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызмет мамандары, Парашюттік дайындық орталығының жеке құрамы қорғады.  Әскери қызметшілермен қатар сайысқа Алматы және Қарағанды қалаларының қазақстандық авиациялық спорт федерациясының спортшылары қатысты.

Сайысқа қатысушылар жеке және командалық есеппен дәлдеп қону бойынша 900 және 1200 метр биіктіктен жеке және топтық секірулерді, еркін құлауда фигуралар кешенін орындай отырып,   2200 метр биіктіктен акробатикалық секірулерді орындады.  

Чемпионат қорытындысы бойынша Вячеслав Ли (Парашюттік дайындық орталығы) сайыс жеңімпазы атанды, Денис Исламов (Парашюттік дайындық орталығы) екінші орынды еншілесе, авиациялық спорт федерациясының спортшысы Александр Власенко үшінші орынды қанжығалады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама