Әскери спорт

28 маусым, 2018

Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен әскери-спорттық ойын өтті

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында Құрлық әскерлерінің әскери институтында Алматы қаласы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен әскери-спорттық ойын өтті.

Бұл спорттық ойынға алты команда қатысты. Жарысқа қатысушылардың икемділігі, қарқындылығы сынға түсті. Атап айтқанда, олар газ тұмылдырықпен 100 метрге жүгіруден нормативтер тапсырды, АК-74 бөлшектеу мен жинауды орындады және «барлау соқпағынан» өтті.

Ойынның қорытындысы бойынша бірінші орынды тілші Әзіз Тастаев басшылық ететін «Қазспорт» телеарнасының командасы, екінші орынды – «Қазақ газеттері» газетінің журналистері және үшінші орынды тілші Әмірболат Хұсайын басшылық еткен «Алматы» теларнасының «Патриот» командасы иеленді.

«Бұл іс-шара – мен үшін және менің журналист әріптестерім үшін тамаша сыйлық болды. Осындай іс-шараның ұйымдастырылуы баршамызға керемет көңіл-күй сыйлағаны рас. Кәсіби мереке қарсаңында Институт басшылығына осындай ерекше құттықтауы үшін алғысымды білдіремін», - деп «Қазақ патриоты» журналының тілшісі Гүлнұр Нұртайқызы атап өтті.

Эстафета аяқталған соң институттың мәдениет орталығында Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары және институт мәдениет орталығының бастығы майор Әлия Тоқабаеваның басшылығымен «Болашақ» вокальдық тобының балалары концерттік бағдарламамен  БАҚ өкілдерін құттықтады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама