Әскери спорт

21 маусым, 2018

Алматыда «Әскери Альпиниада» байқауы басталды

Армия орталық спорт клубы оқу-жаттықтыру орталығының базасында танымал қазақстандық альпинист, Қарулы Күштердің капитаны Мақсұт Жұмаевтың кубогына «Әскери Альпиниада» байқауы бастау алды.

Байқау үш кезеңде өтуде. Бірінші кезең шеңберінде әскери қызметшілерге өзен арқылы параллельді және ілмелі өткелден өтуге тура келеді. Екінші кезеңде топ құрамында таулы жердегі торуылда оқ ату, сондай-ақ көшіру нүктесіне жараланғанды тасымалдау. Байқау соңында әскери қызметшілерге «Нұрсұлтан» шыңына (4376 м) шығуға тура келеді. Сондай-ақ байқауға тәуелсіз бақылаушылар ретінде Италия Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қатысуда. «Заманауи шынайылықтағы таулы дайындық ҚР Қарулы Күштерінде жеке құрамның жауынгерлік даярлығының маңызды элементі болып табылады. Оның мәні әскери қызметшілерді таулы жерде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу тәсілдеріне оқытудан тұрады. Төрт жыл бойы әскери альпиниадаға  альпілік бөлімшелердің мықты өкілдері қатысуда. Ағымдағы жылы Қорғаныс министрінің бастамасы бойынша «Әскери альпиниада» таулы дайындық орталығының офицері капитан Мақсұт Жұмаевтың кубогына өткізілуде», - деді Спорт комитетінің төрағасы полковник Расул Мейірманов. Ағымдағы жылы Армия орталық спорт клубының базасында Таулы дайындық орталығы құрылды. Орталықтың басты міндеттері ұрысты жүргізудің заманауи жағдайларында тактиканы дамыту үрдісін есепке ала отырып, таулы және жоғары таулы жердің жағдайларында жауынгерлік іс-қимылдарға нұсқаушылар мен арнайы мақсаттағы альпілік бөлімшелерді дайындау болып табылады.  Байқау 26 маусымға дейін созылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама