Әскери спорт

12 маусым, 2018

Армиялық боксшылар Президент кубогының жеңімпаздары атанды

Астанада Қазақстан Республикасының Президенті кубогына бокстан VI халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Онда Армия орталық спорт клубының спортшылары төрт алтын және бір күміс медальді жеңіп алды.  

Марапатқа барлығы 15 елден, Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай,Қырғызстан, Монғолия, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Таиланд, Түркіменстан, Өзбекстан, Швеция, Филиппин және Жапония елдерінен 170 боксшы бақ сынасты. «Армиялық боксшылар жақсы дене даярлығын, жауынгерлік рух пен кәсіпқойлықты паш етті. Барлық ұрыстар көзтартарлық болды. Себебі, барлық командалар өздерінің негізгі құрамдарын, бірінші және екінші нөмірлерін көрсетті. Келесі біздің мақсатымыз тамыздың 18-і мен қыркүйектің 2-і аралығында Индонезияда өтетін Азия ойындарындағы жеңістер болып табылады», - деді бокстан АОСК штаттық командасының аға бапкері лейтенант Біржан Жақыпов. Сайыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде армиялық спорты Римма Волосенко «алтынды» жеңіп алды. Ерлер арасында 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кіші сержант Қайрат Ерәлиев АҚШ-тың боксышысы Дюк Рейгенді ойсырата жеңіп, бірінші орынды еншіледі.  Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржынына 64 келіге дейінгі салмақтағы армиялық боксшылар Бекдәулет Ибрагимов пен 75 келіге дейінгі салмақтағы Әбілхан Аманқұл тағы екі алтын медальмен толықтырды.  Күміс жүлдені 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші Жомарт Ержан жеңіп алды. Шешуші кезеңде армияшы отандасы Теміртас Жүсіповтен жеңіліс тапты. «Дюк Рейган – менің тұрақты қарсыласым. Ол жақсы боксшы. Біз онымен үшінші рет кездесіп отырмыз. Бір рет ол мені жеңіп кетті. Ал әлем чемпионаты мен Президент кубогында мен жеңіске жеттім. Менің ойымша, бұл турнир мен үшін сәтті болған секілді.  Азия ойындарында да жақсы өнер көрсетемін деп үміттенемін», - деді АОСК-ның былғары қолғап шебері кіші сержант Қайрат Ерәлиев.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама