Әскери спорт

30 мамыр, 2018

Эверест шыңына шыққан АОСК альпинисі Мақсұт Жұмаев Астанаға оралды

Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы Тау даярлығы орталығының офицері капитан Мақсұт Жұмаевқа құрмет көрсетілді.

Армия алпинисі, Жер шарының биік нүктелерінің бірі – Эверест шыңына екінші рет шығып, Эвересттің оңтүстігі мен солтүстігі бойынша – екі бағытты да бағындырған, әлемнің санаулы алпинистерінің қатарына кіреді. Шыңды бағындыру тарихында аталған екі бағытты барлығы он шақты адам бағындырған. Өзінің бұл жеңісін Астананың 20 жылдығына арнады. Капитан М.Жұмаев қосымша ауа пайдаланбай-ақ барлық алпинизмнен 14 «сегізмыңдықты» бағындырған әлемнің 12-ші адамы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.

«Біз шыңның оңтүстік жағынан шықтық, бұл жол қиын әрі, қауіпті. Ең басты қауіп – Кхумбу мұзы – алпауыт мұзды тау ағыны, оның қозғалу жылдамдығы күніне бір метрге жетеді. Бұл әлемдегі жылжымалы және қауіпті мұз. Сонымен қоса, мына жағынан сегізмыңдық Лхоцзе мұзды қабырға бағыты жағынан өту – өте қауіпті жер. Бұдан өзге, оңтүстік жағында базалық лагерлер де аз. Ол лагерлерде алпинистер демалуға тоқтайды. Бұл жерде ауа райына бейімделу үдерісі жай жүреді», - деді Мақсұт Жұмаев.

Алғаш рет 2007 жылы ол сегізмыңдық биіктікті бағындырды. Ол кезде армия алпинисі аға лейтенант Василий Пивцовпен бірге солтүстік жақтағы шыңға шыққан болатын.

Ағымдағы жылы Армия орталық спорт клубында Тау даярлығы орталығының базасы құрылған болатын. Орталықтың басты міндеттері тау жағдайында және биік таулы жерлерде  жауынгерлік міндеттерді шешуге қабілетті нұсқаушыларды және әскери қызметшілерді даярлау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама