Әскери спорт

10 мамыр, 2018

Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары қоян-қолтық күрестен өткен чемпионаттың жеңімпаздары атанды

Алматыда генерал-майор А. Арыстанбековты еске алуға арналған Қазақстан Республикасының күштік құрылымдардың жоғарғы оқу орындары курсанттары арасында қоян-қолтық күрес спортынан чемпионаты өтті.

Сайысқа 100-ден астам адам қатысты. Құрлық әскерлері әскери институты курсанттарының табан тірескен жарысы өтті. Ол жерде курсанттар әскери ұжымның спорттық шеберлігінің және жинақылығының жоғары деңгейін көрсетті. Өткен жарыстың нәтижелері бойынша 3 курстың курсанты Жәнібек Жұмабеков өзінің табандылығы мен мақсатқа жетудегі талабының арқасында 1 орынды жеңіп алды. Сондай-ақ Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары арасынан Ибрагим Жұманазаров пен Әлібек Қыдыр қола жүлделерге ие болды.

«Қарсыластарымды жеңуге менің бірбеткей мінезім, шыдамдылығым мен жаттықтырушым подполковник Ыбырай Нұрбосынның үйреткен тәлімі, ұрыста қолданатын техникасы мен әдіс-тәсілі көмектесті» - деп курсант Жәнібек Жұмабеков өз ойымен бөлісті. Құрлық әскерлері әскери институтының даңқты спорттық дәстүрі бар. Көп жылдар бойы әскери кадрларды құрайтын курсанттар мен офицерлер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі чемпионаттарда және басқа да халықаралық деңгейдегі жарыстарда көш бастап келеді. Соңғы үш жылда спортшылардың тенденциясы өсті. Бүгінгі күні институтта 12 спорт шебері, 20 спорт шеберлігіне үміткер және 1-2 санаттағы 70-тен астам спортшы білім алуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама