Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовтың жүлдесіне бокстан ХХІІ халықаралық турнир басталды
Биылғы жылдың 10-15 мамыры аралығында Алматыдағы Армия орталық спорт клубына қарасты оқу-жаттықтыру орталығы базасында қоғамдық және мемлекеттік қайраткер, № 1 Халық Қаһарманы, ҚР бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу аясында бокстан дәстүрлі турнир өтеді.
«Бұл дәстүрлі турнир тек Қазақстанға ғана емес, шетелге де танымал турнир. Аталған турнирге алыс және жақын шетелден жылына 180-нен астам спортшы қатысады, сондай-ақ отандық бокс мектептерінің өкілдерімен қатар, Армения, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен боксшылар қатысады. Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде. С. Нұрмағамбетовты еске алуға арналған турнирді ең жоғары деңгейде өткізу басты басым мақсат болып отыр. Жеңімпаздар мен жүлделі орын иеленгендерді бағалы сыйлықтар мен наградалар күтеді», - деді ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының төрағасы полковник Расул Мейірманов.
Осындай турнирлерді өткізу өскелең ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін нығайтып, атлеттердің жауынгерлік рухын дамытуға ықпал ететіні айта кеткен жөн.
Басқаларын қарау: Әскери спорт
-
30.01.2019
-
21.12.2018
-
21.12.2018
-
05.12.2018