Әскери спорт

31 наурыз, 2018

Алматыда «Sarbaz Race» ІІ халықаралық әскери-спорттық ойыны өтті

Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери қызметті дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында спортты дамыту мақсатында Алматы гарнизонында «Sarbaz Race» ІІ халықаралық әскери-спорттық сайыс ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс-шара Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Құрлық әскерлері Әскери институты, Десанттық-шабуылдау әскерлері, Әскери-техникалық мектеп жеке құрамының, сондай-ақ «Экстремалды атлетика» қоғамдық бірлестік өкілдерінің тікелей қатысуымен ұйымдастырылып, өткізілді. Әскери-спорттық ойынның ұйымдастырушылары үшін басты міндет әскери-патриоттық клубтардың бірігуі, әскери қызметке шақыру кезінде оларды әрі қарай мақсатқа бағытталған түрде қолдана отырып, жеткіншектердің қабілеттері мен таланттарын айқындау болды. Сайыс екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңге шақырылу жасына дейінгі жастар, екінші кезеңге 18 жастан асқан қатысушылар қатысты. Сайыс бағдарламасында қатысушылар әскери арнайы техника мен керек-жарақты қолдана отырып, таулы кедергілер жолағын еңсеру, садақтан, пневматикалық винтовкадан ату, граната лақтыру бойынша жаттығуды орындады, сондай-ақ 10 км жүгіруден, арқан кезеңі мен тағы басқадан сайысқа түсті. Бұл дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын ұстанатын табынушыларға арналған осындай форматта өтіп жатқан Қазақстандағы алғашқы жарыс екенін айта кету қажет. «Sarbaz Race» жарысы әскери бөлімшелердің жауынгерлерін дайындауға арналған сынақтар негізінде құрылды. Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары Бағдарбек Нұрбек, Бердияр Шураев, Бауыржан Тастеміров жүлделі орындарды иемденді. Аяулым Нұриманова сайыстың үздік қатысушысы атанды. Командалар арасында «Жас ұрпақ», «Катюша» және «ДШВ» командасы жеңімпаз атанды.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама