Әскери спорт

28 наурыз, 2018

Қарулы Күштерде әскери қызметшілердің балалары арасында ІІ Спартакиада өз мәресіне жетті

Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін дамыту шеңберінде Алматы қаласындағы Спорт комитеті – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының базасында он гарнизонның әскери қызметшілерінің балалары арасында әскери-спорттық ойындар бойынша ІІ Спартакиада ұйымдастырылып, өткізілді.

Екі күн бойы жас спортшылар спорттың бес түрі, яғни, қазақ күресі, мини футбол, үстел теннисі, таэквондо және эстафетадан бақ сынасты. Сондай-ақ іс-шара аясында Армия орталық спорт клубының танымал спортшыларынан балаларға арналған шеберлік сағаттары өткізілді. Мықтылар атағы үшін күресуде Алматы, Аягөз, Гвардейск, Қапшағай, Приозерск, Сарыөзек, Семей, Өскемен, Үшарал және Шымкент гарнизондары әскери қызметшілерінің 100-ден аса баласы өнер көрсетті.

«Спартакиада жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру шеңберінде өткізіледі.  Әскери-спорттық ойындардың арқасында балалардың еліміздің түкпір-түкпірінен жаңа достары пайда болды. Сайыстың негізгі мақсаты анағұрлым дайындалған балалардың арасынан Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының потенциалды кадрлық резервісін қалыпастыру болып табылатынын айта кету қажет. Дәл осы балалар әрі қарай Қарулы Күштердің қатарын толықтырып, армиялық спортты республикалық және халықаралық маңызы бар сайыстарда еліміздің намысын қорғайтын болады», - деп атап өтті ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

Сайыс басталғанға дейін барлық он гарнизонда әскери қызметшілердің балалары арасында спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша іріктеу чемпионаттары және білікті бапкерлердің жетекшілік етуімен оқу-жаттықтыру жиындары өткізілді. Одан басқа, Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының жетекшілігімен Алматы шаһарының көрікті жерлеріне экскурсия түріндегі мәдени-тынығу бағдарламасы ұйымдастырылды. Сайыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жеңімпаз кубогы Аягөз гарнизоны әскери қызметшілерінің балаларына бұйырды. Екінші орынды Сарыөзек гарнизонының балалары және үшінші орынды Гвардейск гарнизонының балалары еншіледі. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері салтанатты түрде кубокпен, медальдармен, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Сайыс бізге өте ұнады. Барлығы жоғары деңгейде өтті. Мен үшін гарнизонымды аталмыш сайыстарда намысын қорғау үлкен абырой мен мақтаныш. Болашақта Қазақстанның чемпионатын ұтып алып, халықаралық аренада Қазақстанның туын желбіреткім келеді», - деп қазақ күресінен 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алған Жұматай Бекжан алған әсерімен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама