Әскери спорт

13 наурыз, 2018

Астанада таэквондодан балалар мен кадеттер арасында ашық қалалық турнир өтті

Елордада «Beknyr Open Астана» таэквондодан балалар мен кадеттер арасында ашық қалалық турнир өтті. Оған Астана, Ақтау, Көкшетау, Павлодар және Щучинск қалаларынан келген 500-ге жуық жас спортшы қатысты.

АОСК-ның командасы жеке команда болып өнер көрсетті. Олардың құрамында әскери қызметшілердің балалары, СК-ҚР ҚМ АОСК балалар секциясының тәрбиеленушілері бақ сынасты. «Сайыс нәтижелері – бұл қарамағындағыларымыздың үлкен еңбегі. Себебі, олар осындай белді сайсытарда армиялық клубтың намасын қорғайды. Оның үстіне олар бүгінде АОСК-ның болашақ кадрлық резервісі болып табылады. Сондықтан өздерінің әрбір жарысы алдында үлкен жауапкершілікті сезінеді», - деді құрама бапкері Андрей Кан.  Турнир қорытындысы бойынша АОСК-ның тәрбиеленушілері таэквондодан сайыста жоғары нәтижелерге қол жеткізе отырып, жоғары әлеуеттерін паш етті. Командалық есепте жас таэквондошылар 10 алтын, 4 күміс және қола медальді еншілеп, бірінші орынға тұрақтады. Өткен жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің балалары үшін спорттық секциялар жұмыс жасап жатқанын естеріңізге сала кетейік. Онда 6 мен 16 жастағы балалар таэквондоны қоса есептегенде спорттың көптеген әскери-қолданбалы түрлерімен кәсіби тұрғыда шұғылдана алады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама