Әскери спорт

03 наурыз, 2018

Спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша әскери қызметшілер арасындағы XV Спартакиаданың қысқы кезеңі аяқталды

Щучинск қаласында ҚР Қарулы Күштерінің 500-ден аса мықты армиялық спортшысы спорттың бес түрінде, яғни, Президенттік көпсайыс (қысқы үшсайыс), армиялық қоян-қолтық ұрыс, гір спорты, шаңғы спорты және әйел әскери қызметшілер арасындағы волейболдан үздік болу үшін бақ сынасты. 

Гір спортынан чемпионат нәтижелері бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері бірінші жалпы командалық орынды, екінші орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, үшінші орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы еншіледі. Шаңғы спортында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Спартакиада чемпиондары атанса, күміс жүлдені Тыл және қару-жарақ бастығы басқармасы және ҚР ҚМ Кадет корпусы қола жүлдені еншіледі. Армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша сайыста десанттық-шабуылдау әскерлерінің армиялық жауынгерлері өздерін үздік ретінде танытты. Екінші орын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілеріне бұйырды. Үшінші орынды Құрлық әскерлерінің Әскери институты місе тұтты. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әйел әскери қызметшілері волейболдан жеңімпаз кубогы мен алтын медаль иегерлері атанды. Екінші орын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына бұйырды және үшінші орынды әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қанжығалады. Президенттік көпсайыс бойынша сайыста Құрлық әскерлері Әскери институтының әскери қызметшілері мықты деген атаққа лайық болды. Екінші орынға Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы табан тіресе, үшінші орынға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жайғасты. «Армиялық спортшылар керемет дене дайындықтарын көрсете отырып, спорттық шеберліктерін, табандылықтары мен жеңіске деген құлшыныстарын паш етті. Сайыс қорытындысы бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Спорт комитеті аясында өткізілетін чемпионаттарға, сондай-ақ Дүниежүзілік Армиялық Спорт Кеңесі (СИЗМ) шеңберінде әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпиоанттарына әрі қарай қатысу үшін Қазақстан Қарулы Күштерінің құрама командасы жасақталады», - деп Спорт комитетінің төрағасы полковник Расул Мейірманов атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама