Әскери спорт

27 ақпан, 2018

Қарулы Күштер Спартакиадасы қысқы кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Әйелдер арасындағы волейболдан, гір спорты мен шаңғы спортынан өткізілген сайыс кезеңдері барысында чемпионаттың алғашқы жеңімпаздары анықталды.

Щучинск қаласында спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша Қарулы Күштердің Спартакиадасы жалғасуда. Үздік спортшылар спорттың бес түрінде, яғни, Президенттік көпсайыс (қысқы үшсайыс), армиялық қоян-қолтық ұрыс, гір спорты, шаңғы спорты және әйелдер арасындағы волейболдан үздік деген атаққа ие болу үшін бақ сынасады. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әйел әскери қызметшілері волейболдан кубок жеңімпаздары мен алтын медаль иегерлері атанды. Екінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы, үшінші орынды әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері еншіледі.

Гір спортынан чемпионат қорытындысы бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері, екінші орынды десанттық-шабуылдау әскерлері, үшінші орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қанжығасына байлады. Шаңғы спортында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Спартакиада чемпиондары атанса, күміс жүлде Тыл және қару-жарақ басқармасының командасына бұйырды, қола жүлдені ҚР ҚМ Кадет корпусы місе тұтты. Ағымдағы жылы әйелдер арасындағы волейболдан сайыс Спартакиада тарихында алғаш рет өткізілгенін айта кету қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама