Әскери спорт

21 ақпан, 2018

Болашақ офицерлер оқ атудан сынақтар тапсыра отырып, шаңғы маршын жасады

Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығында әскери-қолданбалы машықты жетілдіру мақсатында 4-курс курсанттары оқ атудан сынақтар тапсыра отырып, шаңғы маршын жасады.

Жергілікті жердің әртүрлі жағдайларында шаңғыларда қозғалу тәсілімен курсанттарды оқытып-үйрету, шыдамдылықты, күшті, іс-қимылдардағы шапшаңдылықты дамыту мен жетілдіру, сондай-ақ саптық және жауынгерлік амалдармен шаңғыларда кедергілерді еңсеру курсанттардың шаңғы маршын жасауы үшін негізгі тапсырмаларға айналды. Әскери қызметшілердің дене даярлығы жүйесінде курсанттардың жауынгерлік мамандықты сапалы меңгеруіне, далалық және марштық дағдыны жетілдіруге ықпал ететін шаңғы дайныдығы маңызды орынға ие. Шаңғыда қозғалу курсанттардың жан-жақты дене даярлығы мен шынығуының керемет құралы. Шаңғы дайындығы бойынша сабақтар, шаңғылардағы ұзақ марштар, сайыстар болашақ офицерлердің төзімділігін, күші мен шапшаңдылығын, жерде жылдам бағдарлауға қамшылайды.

Шаңғы дайындығы – дене даярлығының әскери-қолданбалы түрі. Шаңғыда қозғалуға оқытып-үйретілген курсанттық бөлімшелер қысқы мезгілде қар басқан жерде кез келген бағытта және жолсыз үлкен жылдамдықпен жылжи отырып, еркін түрде орағытады. Бөлімшелердің шаңғылардағы қозғалуының орташа жылдамдығы 5-7 км/с құрайды. «Практикалық сабақтарда оқытушылар бізді шыңғылардағы жауынгерлік амалдар мен тәсілдерге оқытып-үйретті. Бүгін біз АК-74-тен оқ ату бойынша сынақтар тапсыра отырып, шаңғы маршын жүріп өттік. Бұл жолы біз жатып оқ аттық. Жатып оқ ату тасаның болмауы кезінде ашық жерде жүргізілді. Бүгінгі кедергілерді еңсеру, жүгіріс пен еңбектеп өту өте қызықты болды және біз тағы бір рет өзіміздің шыдамдылығымыз бен іс-әрекетіміздің жылдамдығын байқап көрдік», - дейді 4-курс курсанты Мәулен Қабыкенов.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама