Әскери спорт

13 ақпан, 2018

Алматы қаласының журналистері пейнтболдан турнирге қатысты

Салауатты өмір салтын және армиялық спортты дәріптеу мақсатында Спорт комитеті – ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының нұсқаушылары Алматы қаласының бұқаралық медиа өкілдерімен «пейнтбол» әскерилендірген ойын бойынша жарыс өткізді.

Сайысқа жетекші республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының 20-ға жуық журналисі мен блогері қатысты. Ойын ережелеріне сәйкес қарсыластың туын алғашқы болып алған команда жеңіске жетті. Сайыс нәтижелері бойынша «Красная капелла» атқыштар командасы чемпион атанса, екінші орынды «Сварщики» командасы еншіледі. Үшінші орынды «Беркут» командасы қанжығасына байлады.

«Мұндай пішімдегі іс-шаралар біріншіден журналистердің командалық рухын жігерлендіреді. Өйткені, бір алаңда басымыз жиі қосыла бермейді. Қыстың суығына қарамастан, барлық климаттық жағдай екінші жоспарға ысырылады және бірінші кезекте адреналин мен бәсекелестік рух пайда болады. Осындай мүмкіндік берген үшін әріптестерімнің атынан Қорғаныс министрлігіне алғысымды білдіремін», - деді іс-шараға қатысушылардың бірі Әлішер Абдуллин.

Ойын жеңімпаздарды құрмет грамоталарымен және медальдармен марапаттау рәсімімен аяқталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама