Әскери спорт

12 ақпан, 2018

Ақмола гарнизонында шаңғы эстафетасы бойынша әскери бөлімдер мен мекемелер арасында чемпионат өтті

Әскери ортада жаппай спортты дамыту шеңберінде Астананың Орталық саябағында Ақмола өңірлік гарнизонының бөлімшелері құрамында шаңғы эстафетасы бойынша чемпионат өтті.

Сайысқа Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшылары басқармалары, 14776, 68665, 83205, 44513, 87962 әскери бөлімдері, Ұлттық қорғаныс университеті, Әскери полиция жасағы, «Жас ұлан» республикалық мектебінің командалары қатысты. Әр команданың құрамына 6 адам кірді. Ер адамдарға 2500 метрге, ал әйелдерге 1000 метр қашықтыққа еркін стильмен жүріп өтуге тура келді. 68665 әскери бөлімінің командасы үздік шықты. Екінші орын Ұлттық қорғаныс университетінің командасына бұйырса, үшінші орынды Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының командасы еншіледі. Турнир жеңімпаздары тиісті дәрежедегі кубок және грамоталармен марапатталды. Шаңғы эстафетасы бойынша әскери қызметшілер арасындағы турнир дене дайындығының деңгейін арттыру, спорттық шеберлік пен әскери-кәсіби дайындықтың деңгейін шыңдау, сондай-ақ әскери оқытып-үйрету, тұлғаны тәрбиелеу мен гармониялық тұрғыда дамытудың ажырамас құралы ретінде насихаттау мақсатында өткізілетінін айта кету қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама