Грек-рим стиліндегі АОСК-ның палуаны әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
ҚР ҚМ АОСК келісімшарт қызметінің қатардағы жауынгері Мейрамбек Айнағұлов жапондық балуан Кеничиро Фумиттен шешуші тартыста 1:2 есебімен жеңіліс тауып, Франция елордасында өтіп жатқан күресте әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
Турнирде барша ғаламшардан жиналған мықты спортшылар грек-рим, еркін және әйелдер күресінде 24 жиынтық марапатты ойнатады. Таяу күндері екі салмақ дәрежесінде ұсынылған Армия орталық спорт клубының еркін стильдегі палуандары бақ сынасатынын айта кеткен жөн. Сонымен, 61 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық құраманың намысын Дәулет Ниязбеков, 74 келі салмақ дәрежесінде кіші сержант Ғалымжан Өсербаев қорғайтын болады.
Басқаларын қарау: Әскери спорт
-
11.04.2018
-
10.04.2018
-
31.03.2018
-
28.03.2018