Әскери спорт

22 тамыз, 2017

«Отар» 40-шы әскери базасында «Саперлар достастығы – 2017» бірлескен оқу-жаттығуы басталды

Алғаш рет ТМД аумағында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері инженерлік бөлімшелерінің «Саперлар достастығы – 2017» оқу-жаттығуы өтеді.

ҚР Қарулы Күштерінен оқу-жаттығуға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері, яғни, 75263 әскери бөлімі инженерлік-саперлік батальонының бөлімшелері және 21450 әскери бөлімі штабтық батальонының инженерлік ротасы тартылды. Ал Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің тарапынан оқу-жаттығуға инженерлік-саперлік взвод тартылған. Бірлескен оқу-жаттығудың мақсаты тәжірибе алмасу екі елдің қарулы күштерінің инженерлік-саперлік бөлімшелері арасында жауынгерлік достастықты нығайту, жауынгерлік даярлықтың деңгейін арттыру, сондай-ақ қауіпті жарылғыш заттардан жердің учаскелерін минасыздандыру  бойынша ізгілік тапсырмаларды орындау кезінде Қазақстан мен Қырғызстан қарулы күштері инженерлік бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастыру болып табылады. Оқу-жаттығу барысында инженерлік әскерлер бөлімшелері әскерлердің әрі қарайғы іс-қимылдары үшін миналардан жердің учаскесін уақтылы және толық тазарту, сондай-ақ нысандарда әртүрлі қауіпті жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыр жөнінде тапсырмаларды пысықтайды,  - деп ақпараттандырды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының инженерлік әскерлер бастығы полковник Мұрат Жүсіпов. Оқу-жаттығудың тапсырмаларын іске асыру мақсатында екі елдің бөлімшелері елді мекенде аумақ пен ғимаратты минасыздандыру бойынша жаттығулар өткізіп, ТМЗ зарядымен жаяу әскерге қарсы миналық алаңда өтпелерді орнату жөнінде жаттығулар, сондай-ақ қолмен мина іздегіштермен жолдың учаскесін барлауды жүргізеді.  Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері инженерлік бөлімшелерінің «Саперлар достастығы – 2017» бірлескен оқу-жаттығуы ағымдағы жылғы 25 тамызға дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама