Әскери спорт

04 шілде, 2017

АОСК-ның спортшысы «Қазақстан барысы» белді республикалық турнирінің жеңімпазы атанды

Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін ұлттық күрестен «Қазақстан барысы» республикалық тунирі өз мәресіне жетті.

«Қазақстан барысы» ұлттық күрестен ең беделді сайыстың бірі болып табылады. Биылғы жылы бұл додаға еліміздің ең мықты 34 палуаны қатысты. Қатысушылар еліміздің 14 өңірінде, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларындағы іріктеу турларынан өтті. Іріктеу әскери қызметшілер арасында да жүргізілді.

Сайыс барысында Ерғалиев барлық қарсыластарын ойсырата жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды.

«Ең күрделісі алғашқы және шешуші тартыс болды. Мен 2014 жылғы турнир чемпионы Мұхит Тұрсынов пен биылғы жылғы фавориттердің бірі Ұлан Рысқұлды жеңдім. Әрбір тартыс шиеленіске толы болды. Бірде-бір жекпе-жекті жеңіл деп айта алмаймын. Барлық қарсыластар әртүрлі болды. Әрқайсысының мықты тұстары бар. Мен Қарулы Күштердің намысын осындай белді турнирде қорғап, маған артылған үмітті ақтағанымды мақтан тұтамын», - деп Ерғалиев өз ойымен бөлісті.

Сайыс қорытындысы бойынша спортшы алтын белбеуді, «тайтұяқ» олжасын қанжығасына байлап, 25 миллион теңгелік жүлде қорын жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылғы 8 сәуірде «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында «Әскер барысы» атағына іріктеу кезеңі өткізілген болатын. «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдама алу үшін Қарулы Күштердің әскери қызметшілері сайысқа қатысты.  Турнир қорытындысы бойынша титул атағын АОСК штаттық командасының спортшысы Еламан Ерғалиев жеңіп алды.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама