Әскери спорт

13 сәуір, 2017

Алғаш рет Қарулы Күштерде әскери қызметшілердің балалары арасында әскери-спорттық ойындар өтеді

Алғаш рет Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің балалары арасында әскери спорттық-ойындар ұйымдастырылды. Аталмыш ойын Алматы шаһарында сәуірдің 16-ы мен 18-і аралығында өтеді.

Еліміздің әртүрлі өңірлерінен жиналған жас спортшылар спорттың төрт түрінен, яғни, шағын футбол, қазақша күрес, үстел теннисі және эстафетадан бақ сынасады. Бүгінгі таңда гарнизондарда спорт түрлері бойынша іріктеу чемпиондары өтті. Балалар білікті бапкерлердің жетекшілік етуімен оқу-жаттықтыру жиындарына кірісті.

«Әскери қызметшілердің балаларына арналған спорттық секциялар үш ай бойы қызмет жасап келеді. Балаларға да өте ұнайды. Өздерінің титтей ғана жастарына қарамастан, алдағы сайыстарда барлық балалар жеңіске деген құлшыныстарын танытып, жақсы нәтижелер көрсетеді ден сенемін», - деді Спорт комитеті – ҚР ҚМ АОСК-ның төрағасы подполковник Расул Мейірманов.

Турнир шеңберінде балаларға арнап ҚР ҚМ АОСК-ның танымал спортшылары, халықаралық және республикалық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерішебер-сыныптар өткізеді.

Ағымдағы жылғы қаңтардан бастап Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің балалары үшін ақысыз спорттық секциялар жұмыс жасап келе жатқанын естеріңізге сала кетейік. Онда 6 мен 16 жастағы балғындар қазақша күрес, үстел теннисі, армиялық қоян-қолтық ұрыс және спорттың көптеген өзге де түрлерімен кәсіби тұрғыда шұғылдана алады.

Секция тәрбиеленушілері бүгінде сайыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізе отырып, жоғары әлеуеттерін паш етуде. Мәселен, Алматыда өткен балалар арасындағы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатында АОСК-ның бапкері майор Мұрат Бижановтың тәрбиеленушісі Әмір Жұмаділхан алтын медальға ие болды. Ал балалар арасындағы бокстан Қазақстан чемпионатында жас былғары қолғап шеберлері Самат Молдабаев пен Елдар Төрехан қола медальдарды еншіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама