Әскери спорт

11 сәуір, 2017

АОСК-ның спортшысы Қарулы Күштердің намысын «Қазақстан барысы» беделді республикалық турнирінде қорғайтын болады

Астанадағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде Қарулы Күштердің, сондай-ақ, Қазақстанның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері арасында қазақша күрестен «Әскер барысы» атағына ашық турнир өтті.

Ымырасыз күресте 20-дан аса палуан бақ сынасты. Олардың барлығы бас жүлдеге, яғни, жеңімпазға бұйыратын «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің шешу кезеңіне жолдама алу үшін күш сынасты.

«Жыл сайын Қарулы Күштер шеңберінде өткізілетін чемпионаттар қарқынды дамып келеді. Сайысқа қатысушылардың саны ғана емес, сонымен бірге, спортшы әскери қызметшілердің шеберлік деңгейі де ұлғайып келеді», - деді ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Әділбек Алдабергенов сайысқа қатысушыларға.

Нәтижесінде ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының әскери қызметшісі Еламан Ерғалиев турнир жеңімпазы атанды. Ұлттық ұланның намысын қорғаған Олжас Шынкеевке екінші орын бұйырды. Үшінші орынды Мемлекеттік күзет қызметінен Әлібек Зекенов жеңіп алды.

Енді армиялық спортшымыз Еламан Ерғалиев, сондай-ақ, сайыстың екінші орын жеңімпазы түкпір-түкпірден жиналған мықты спортшылардың бас қосатын «Қазақстан барысы» турнирінде өнер көрсететін болады.

«Жеңіске қол жеткізу оңай болған жоқ. Себебі, барлық қарсыластар дайындық пен кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін көрсетті. Алайда, алда әлі қыруар жұмыс күтіп тұр. Маған «Қазақстан барысы» белді республикалық турниріне дайындалуға тура келеді. Онда мен еліміздің Қарулы Күштерінің намысын мақтаныш сезіммен қорғайтын боламын», - деді Еламан Ерғалиев.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама