Баспасөзге шолу

23 қыркүйек, 2016

Әскери қызметшілер парашютпен секіруді пысықтауда

Еліміздің әскери қызметшілері парашютпен топтасып секіруді және белгіленген нүктеге дәл түсу машықтарын жетілдіруде.

Оқу-жаттығу жиыны Алматы маңындағы «Первомайский» әуе айлағында өтіп жатыр.  Жиынға Аэроұтқыр әскерлері мен арнайы бөлімшелердің іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметінің жауынгерлері қатысуда.  Барлық шпилькілер орнында. Транзит қосылып тұр.  Әуеден секіру алдындағы соңғы дайындық. Бұл жерде немқұрайлық пен салғырттыққа жол жоқ. Тіпті пышақты ұмытуға да болмайды.  Сондықтан тікұшаққа мінбей тұрып, әскери қызметшілердің парашюттері мұқият тексеріледі.  Серікболат Кеңес, 48/386 әскери бөлімінің қызметшісі -Осындай сборларға жылына 2-3, 4-5 рет келіп тұрамыз. Ол біз үшін өте маңызды. Қарсыластардың арт жағынан тікұшақтан секіріп, шабуыл жасауға бұл өте ыңғайлы жаттығу болып саналады. Бүгін әскерилер 2200 метр биіктіктен секіріп, тәжірибелерін шыңдады. Еліміздегі Парашюттік даярлық орталығы 2011 жылы құрылған. Содан бері жүздеген жауынгер әскери өнердің осы түрін меңгеріп шықты. Ұлан Нарынбек, тілші -Қорғаныс министрлігіндегі қазіргі қолданыстағы парашюттар Ресейде немесе АҚШ-та жасалған. Бір парашют ең кемі 10-20 жыл қызмет етеді. Парашютшілердің салмағы 48 келіден аз болмауы тиіс. Әйтпесе жел алып кетуі әбден мүмкін.  Кіші Сержант Айгүл Молдалиева 2008 жылдан бері әскери қызметте. Офицер бүгін 195-ші рет парашютпен секірді.     Айгүл Молдалиева, Іздестіру-құтқару тобының мүшесі  -Бәрі жақсы болды. Ұшқаным да, қонып келгенім де. Мына парашюттің бір жақсы жері осындай кішкентай салмақты адамдарға өте лайықты. Шайқамайды.  Болашақта Қазақстанның әскери қызметшілері парашютпен секіргенде итті бірге ала жүрмек. «Бұл із кесу және құтқару операциясының тиімділігін арттырады», – дейді әскерилер. Ал парашютшілердің оқу-жаттықтыру жиыны апта соңында аяқталады. Авторлары: Ұлан Нарынбек, Кенже Амраев

Дереккөз: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/64530-skeri-yzmetshiler-parashyutpen-sekirudi-pysy-tauda
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама