Баспасөзге шолу

09 қыркүйек, 2016

Азат елдің айбары

Мына алмағайып заманда жұ­дырықтай жер шарындағы әр мемлекет иін тіресе қорғаныс қабілетін арттыруға әрекет етіп жатқанда, қатардан қалмау бас­ты міндет. Бірақ әскерді ұстау бар да, оның екпіні мен еңсесін халықаралық дәре­жеде тең ету оңай шаруа емес. Мемлекет болған соң төл әскері де атына заты сай болуға тиіс. Әри­не, бұл талап жағынан біздің елі­міздің Қарулы Күштері кен­де қалып жатқан жоқ.

arm

Тәу­елсіздік жылдары әскеріміз етек-жеңін жиып, дамудың даңғыл жолына түсті. Мұ­ны ел Тәуелсіздігімен келген же­тістік деп айтуға толық негіз бар. Бұл орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Тәуелсіздік жылдары мемлекетіміз кәсіби армия қа­лыптастырды, ел мүддесіне толық сай келетін әскери доктрина түзілді. Біздің қасиетті топырағымыз әуеде де, жерде де және суда да қорғаныс аясында. Біз барлық көршілес елдермен достық қарым-қатынастамыз. Қазіргі уақытта армия кез-келген жайғдайға тастүйін дайын болуға тиіс. Бұл – әскери қызметшілер ал­дына мемлекет қойып отырған мін­дет», – деп атап көрсеткен болатын.

Иә, әскер алдымен қуатты болуға тиіс, одан кейін сол қуат­тылығын сақтай отырып үнемі сақадай-сай болуы керек. Бұл, жоғарыда айт­қанымыздай, қазіргі заман талабы. Халық Қарулы Күштері айбынды да, айбатты, қуатты да қауқарлы екенін көргенде өзінің жарқын болашағына сенімді болары сөзсіз. Бұл орайда, әскеріміздің сапасы мен сынына қояр талап өте жоғары. Өйткені, біздің ел сан жағынан ауқымды әскер құруды мақсат тұт­пайды. Сын­дарлы саясатқа сәй­кес, қа­­зақстандық әскер ықшам әрі ұтқыр болуға тиіс. Бұл та­лаптың жүзеге асуы үшін әскеріміз қазіргі заманғы ең озық техникалармен, небір мықты қа­ру-жарақтармен қамтамасыз етілуде. Бәрінен бұрын Қарулы Күштерімізге білікті мамандар, ары таза, адал әрі патриот жандар келуде. Осылайша, әділдік орнаған жерде темірдей тәр­тіптің де шынайы белгісі көрініс беретіні анық. «Тәртіпке бас иген құл болмай­ды» деп Бауыржан атамыз айт­қан­дай, ортақ мақсат, ортақ мүдде үшін бірлік, татулық, тәртіп ауадай қажет.

Еліміздің армиясы қо­ғамның басты құнды­лық­тары – бос­тандық, тәуелсіздік, бей­бітшілік пен тұрақ­ты­лықты қамтамасыз етуге ат салысады. Сондықтан, Мемлекет басшысы Қарулы Күш­тер­ді дамытуға ерекше көңіл бө­ліп келеді. Бүгінде тек тех­ни­­калық жаңғыртуға жә­­­не қа­зіргі заманғы қару-жа­­рақ­­ты сатып алуға ғана емес, сондай-ақ, қазақстандық әскери қыз­метшілердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін де айтарлықтай қаражат бөлінеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа әскери доктрина қа­был­данған, келісімшарт бойынша қызметке шақыру артуда, жалпы, әскери кәсіптің беделі артып келе жатқандығын әс­керилердің өздері де мақ­та­нышпен айтады. Демек, бү­гінгі таңда әскерде қызмет ету әр қа­зақстандықтың арманы мен мақтанышына айналғаны анық. Ол үшін әскерилердің жеке бас­тары мен отбасы үшін де қа­жетті әлеуметтік-тұрмыстық жағ­дайлардың бәрі жасалып жатыр.

Осы орайда, Мемлекет басшысы: «Біздің тұрақты экономикамыз, біртұтас қоғамымыз, дайындықтан өткен қуатты армиямыз бар. Біз жаңа Қазақстан рухына, прогресс және жасампаз болашақ қалыптастыру рухына адалмыз. Бұл – елімізді әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарынан көруді армандайтын барша қазақстандықтың мақсаты. Бүкіл өңірлеріміз, қа­лаларымыз, аудандарымыз бен ауылдарымыз бір қарқынмен дамып келеді. Біздің басты бай­лығымыз – татулық пен келісім. Елдің әрбір азаматының борышы – халқымыздың бірлігін сақтап, оны қорғау» деген болатын.

Ал тарихқа көз жүгіртер бол­сақ, сонау 1991 жылы 25 қазан­да Қазақстан Президентінің Жар­лығымен Қазақ КСР-інің мем­лекеттік қорғаныс комитеті құрылған еді. Кейіннен респуб­ликаның қор­ға­ныс мәселелерін толық түр­де дербес шешуге көшуіне бай­ланысты, ол Қа­зақстан Респуб­ликасының Қор­ғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Тәуелсіз рес­публиканың заңдық құ­қық­тарының негіздеріне жә­не Тәуел­сіз мемлекеттер дос­­тығына қаты­сушы елдер арасындағы қол жет­кен ке­­лісімдерге байланысты 1992 жылдың 7 мамырында Президенттің Жарлығы шық­ты. Бұл Жарлық бойын­ша, Қазақстан аумағына ор­наласқан Қарулы Күш­тер өз­дерінің мүліктерімен қо­са, республиканың қарауына өт­ті. Жоғарғы Бас қолбасшы ре­тінде Қарулы Күштерді бас­қаруды Президент өз мойнына алды. Осылайша, Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет ат­қаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтап, өз аумағында әскерлердің, қару жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешті. Қазіргі кезде біздің Қарулы Күштері құрамына – жалпы мақсат­тағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күш­тері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезе­гіне қарай қарулы күштер түр­лі бөлімдерден және әр түр­лі құра­малар мен арнайы әскери тектерден тұрады.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан»

Дереккөз: https://egemen.kz/2016/09/09/60874
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама