Баспасөзге шолу

08 қыркүйек, 2016

«Барыс» пен «Арлан» бронды техникалары экспортқа шығарылады

Танктер, тікұшақтар, зениттік-зымырандық кешендер, жалпы алғанда 500-ден астам әскери техникалық бірліктер бір жерде шоғырланған. Ресейдің Кубинкасында «Армия» аталған екінші халықаралық әскери техникалық форум басталды. Әлемнің 80 елі қорғаныс саласында қол жеткен табыстарын жария етуде. Қазақ елінің алты зауыты құрастырған әскери техникаладар да жұрт назарына ілікті.

«Армия» форумы биыл ат шаптырым аумақта өтті. Мұнда үш мемлекетті сыйдырып жіберуге болар еді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына кіретін елдер ұсынған жоба-бастамалар да жиынның абыройын асырғандай. Мысалы Қазақстан павильонында тұрған техникаларды алайық. Қазақ армиясының айбынын асқақтатқан бронды көліктерге назар аударушылар аз емес. «Барыс» пен «Арланның» мінсіз техника екендігі өз алдына, жол талғамайтын, минаға да былқ етпейтін көліктерді, тіпті ірі калибрлы пулеметтің оғы тесіп өте алмайды екен. Қарулы күштерге таптырмайтын бронды техниканы сатып ойлауды көздеген Таяу Шығыс елдері тапсырыс беріпті.

Ербол Сәлімов, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» компаниясының бас директоры:

- Таяу Шығыс елдері қызығушылық танытып жатыр. ТМД төңірегіндегі мемлекеттердің нарығында да саудалаймыз. Бәсекеге төтеп беретін техника екені даусыз. Сондай-ақ әлемнің айтулы нұсқаларының өзі бізге жетпейді. Көптеген артық тұстары бар екенін мамандар да мойындап жатыр. Солтүстік Африка ұнатып отыр. Йордания, Кувейт, Сауд Аравиясымен тығыз қарым-қатынастамыз.

«САРП» аталған алыстан басқарылатын әскери модуль да отандық өнім. Әлгі «САРП» осы көліктерге орнатылған.

Нуриддин Ергебеков, «Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» инженері:

- Модуль ерекшелігі – күн райының қолайсыздығына қарамастан, түнде де, күнде де жұмыс істей береді. Демек, сарбаз кез-келген сәтте мың метрге дейінгі нысананы дәл көздей алады.

Ерасыл Байжұманов, «Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» сатылым жөніндегі директоры:

- Бұл модульде жаңағы күндіз көру камерасы бар. Теплоизондық камера. Ол камера түнде болсын, жаңбырда болсын, жаман ауа кезінде сіздерге көрсету мүмкіндігін береді. Сонымен қатар бұл модульде GPS және балиистикалық компьютер бар. Бүкіл баллистикалық есептеуді өзі жасайды.

Форум алғашқы күні жабық жағдайда өткен болатын. Қазақстандық өніммен танысқан шетелдік сарапшылар да оның сапасын жоғары бағалап, өз пікірлерін білдірді.

Александр Войтенков, Беларусь әскери-өндірістік комитетінің өкілі:

- Әскери модуль, заманауи дүниелер, армияны басқарау жүйесі, шынымды айтсам Қазақстан ұсынған техника таңқалдырды. Жоғары сапа, ыңғайлы әрі ұқыппен жасалғаны көрініп тұр.

Форум аясында әлі талай келісімдерге қол жететін секілді. 11 қыркүйекке дейін созылатын шара кезінде отандық әскери техниканы экспорттау төңірегінде бірнеше келіссөздер жүретіні анық.

Авторлары: Дариға Ташенова,  Дана Нұржан, Тимур Алтынбаев 

Дереккөз: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/137185-brondy-tekhnikalary-eksport-a-shy-arylady
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама