Баспасөзге шолу

29 шілде, 2016

И.Тасмағамбетов армия ойындары алдында барлық қызметтердің дайындығын тексерді

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов «Гвардейск» полигонына барды.

И.Тасмағамбетов армия ойындары алдында барлық қызметтердің дайындығын тексерді

Онда бірнеше күннен кейін Армия халықаралық ойындары-2016 шеңберінде үздік мергендер мен артиллерияшылар арасында халықаралық байқаулар басталады.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Артиллериялық оқ ату шеберлері» мен «Мерген шебі» байқауларының басталуына полигонда барлық қажетті инфрақұрылым дайындалып та қойылды. Артиллерияшылардың байқауын өткізу үшін «ирелеңі», мина-жарылғыш қоршауы, төмпешігі, сорап көпірі кедергілері бар ұзындығы 2 шақырымдық тас жолдар, мергендердің байқауына мерген винтовкасынан, тапаншадан оқ ату және гранаталар лақтыру үшін барлаушының соқпақ жолы мен шептерінің элементтері бар тас жол салынды.

Қорғаныс министрі әскери техниканы сақтау және қызмет көрсету орындары бойынша алдыңғы көшпелі кеңесте берген тапсырмаларды жеке бақылады. Сондай-ақ, командалардың тұруы мен тамақтануы орындарын тағы бір мәрте қарап шықты.

«Ең маңыздысы, ұйымдастыру жөніндегі жауапты адамдар ұйымдастыру бойынша ғана емес, сонымен бірге, бақылау мәселесінің маңыздылығын ұғынулары тиіс. Сондықтан, барлық командалардың қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтайтындай етіп, жұмысты ұйымдастыруларыңыз абзал», - деп Иманғали Тасмағамбетов ұйымдастыру штабының алдында атап өтті.

Сапар барысында қорғаныс ведомствосының басшысы жақында ғана оқу-жаттықтыру барысында төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен анголалық команда әскери қызметшілерінің хал-жағдайын сұрастырды. Госпитальда оларға барлық қажетті білікті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі кезде зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық.

Армия халықаралық ойындары-2016 Қазақстанда 2 тамыз күні басталатынын естеріңізге сала кетейік. Биылғы жылы алғаш рет біздің еліміз өз аумағында әлемнің әртүрлі елдері армиясының үздік өкілдерінен құралған ауқымды және теңдессіз сайыс қатысушыларын қабылдайды. Бір аптаға «Гвардейск» полигоны мергендер мен артиллерияшылардың ірі халықаралық жарысы алаңына айналмақ. Үздіктердің үздігі, 13 елдің, яғни, Қазақстан, Ангола, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия және  Ресейдің әскери қызметшілерінен құралған командалар ең кәсіпқой, мықты, мерген және төзімділер атағы үшін күш сынасады.

Осы жылы халықаралық армия ойындары 23 аталым бойынша өтеді. Ресейлік команда барлық номинацияға қатысады. Қытай тарапы 22 ойында ұсынылған, ал Қазақстан 21 номинацияда бәсекеге түседі.

Дереккөз: http://24.kz
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама