Баспасөзге шолу

19 шілде, 2016

Алматыда запастағы 200 офицер әскери оқу-жаттығу жиындарына жіберілді

Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының запастағы 200-ге жуық офицері екі апталық әскери оқу-жаттығу жиындарына жіберілді, деп хабарлайды  BNews.kz.

Жиын Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығының базасында, далада өтіп жатыр. Әскери міндеттілер палаткалы лагерьге жайғасты, азық-түлікпен, киім-кешек, далада өтетін сабақтарға арналған әскери киіммен және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етілді. Палаткалы қалашықта оқу-жаттығуларды сапалы өткізу және әскери міндеттілердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Ақпараттандыру, тәрбие жұмысы және тынығу бөлмесі, ауыз сумен ұдайы қамтамасыз ету пункті, душ кабиналары, медициналық пункт бар.

Екі аптаға созылатын жиында запастағы офицерлер мотоатқыш, танк әскерлері және артиллерия әскерлері мамандықтары бойынша взвод командирінің іс-қимылдарын оқып-үйренеді. Бұл ретте практикалық сабақтарға баса назар аударылмақ.

Қатысушылар радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, тактикалық даярлық, әскери топография, байланыс құралдары, жалпы әскери жарғылар бойынша білімін шыңдайды. Одан басқа, оқ ату мен саптық даярлықтың тереңдетілген курсы да қарастырылған. Әскери жиын аяқталғаннан кейін оқуды сәтті аяқтаған және оң мінездеме алған әскери міндеттілерге кезекті әскери атақ тапсырылады. Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінен атап өткендей, мұндай жиындар армияның резервісі болып табылатын әскери міндеттілерді даярлауды, демек, еліміздің Қарулы Күштерінің жауынгерлік және  жұмылдыру әзірлігін жетілдіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл әскери жиындар ҚР ҚК-нің әртүрлі полигондары мен әскери бөлімдерінде өткізілуде.  ҚӘ ӘИ оқу-жаттығу орталығының базасындағы сабаққа запастағы 300 офицер тартылады. Кейіннен тағы да 200 әскери міндетті Алматы өңірлік гарнизонының  Әскери полиция жасағына жөнелтіледі.  Ең соңында Гвардейск қүк. оқу-жаттығу орталығына 300 әскери міндеттіні жіберу көзделіп отыр. Осылайша, жалпы алғанда, осы жылы 800-ге жуық әскери міндетті жиынға қатысады.

Дереккөз: http://bnews.kz
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама